26 жыл ішіндегі ұлттық валюталардың өсуі мен құлауы. Инфографика

15 ноября 2019 года

Биыл Қазақстанның ұлттық валютасына 26 жыл толады. LS 1993 жылдан бастап теңге бағамынын көрсеткіш инфографикасын жаңартты.

Ұлттық валюта 1993 жылдың қарашасында жарық көрді. Сонда $1 4,69 теңгеге саудаланды. Алайда желтоқсан айында баға 5,25 теңгеге дейін өсті. Ал 1994 жылы $1 үшін 35,64 теңге ұсынылды.

1999 жылдың сәуірінде алғашқы девальвация болды. Сол кезде бұрынғы премьер-министр Нұрлан Балғымбаев пен Ұлттық банктің экс-басшысы Қадыржан Дамитов теңгенің айырбас бағамының еркін ауытқуына көшкенін мәлімдеді. Нәтижесінде келесі күні $1 бағасы 150-160 теңгені құрады,ал жақында американдық валютаны 88 теңгеге сатып алуға мүмкін болатын. 1999 жылдың тамызына қарай айырбастау бағамы теңестіріліп, 135-138 теңге белгісіне бекітілді.

2000-2009 жылдар аралығында доллар құны біртіндеп 140-тан 120 теңгеге дейін төмендеді. Бірақ 2009 жылы екінші девальвация орын алып, доллар 150 теңгеге дейін қымбаттады. 4 ақпан күні Ұлттық банк айырбас бағамын қолдаудан бас тартып себебін мұнай бағасының төмендеуімен, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерінің қолдауынын Қазақстанның сауда серіктестері- елдерінің валютасының құнсыздануына байланысты проблемаларынын туындағанымен түсіндірді. Осылайша, 2009 жылдың қорытындысы бойынша доллар $ 1 үшін 147-150 теңгеге дейін артты.

Девальвацияның үшінші толқыны қазақстандықтар үшін 2014 жылдың 11 ақпаны болды. Бұл күн "қара сейсенбі" деп аталды. Сол кезде Қайрат Келімбетов бастаған Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын бұрынғы дәлізде ұстаудан бас тарту туралы шешім қабылдады ($1 үшін 155,5-156 теңге). Нәтижесінде доллардың жаңа бағамы 185 теңге (+/- 3 теңге) деңгейінде белгіленді.

2015 жылы бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімов Ұлттық банк пен Үкімет валюта дәлізін алып тастау және еркін өзгермелі айырбас бағамына көшу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Осыдан кейін 2015 жылдың 20 тамызында Қазақстан қор биржасында теңге 188 теңгеден $1 үшін 255,26-ға дейін құлады.

Келесі бірнеше жылда ұлттық валюта тез әлсіреп, 2018 жылдың соңына қарай $1 үшін 371,8 теңгеге жетті. 2019 жылдың маусымына дейін доллар 377-380 теңге шамасында болса, қазан айына дейін 386-389 теңге белгісіне бекітілді.

Ағымдағы жылдың 14 қарашасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы $1 үшін 388,48 теңгені құрады. Осылайша, 1993 жылдан бастап Ұлттық валюта шамамен 83 есе әлсіреді.

Бұрынғы санда LS 2009 жылдан бастап долларға қатысты кейбір әлемдік ұлттық валюталар мен теңгенің қалай әлсірегені туралы инфографика дайындаған болатын. Сондай-ақ, кәсіби қатысушылар болашақта ұлттық валюта туралы өз болжамдарымен бөлісті.

Инфографика

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.