2022 жылы Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгередi

Жаңа жылдан бастап зейнеткерлер көбiрек ала бастайды

27 декабря 2021 года

Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізу жоспарланғанын LS-ке еңбек министрлігінде айтып бердi.

LS-тiң ресми сауалына жауап ретінде министрлiкте ынтымақты зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып, ал базалық зейнетақы төлемі инфляция деңгейіне индекстелетінін хабарлады.

Бұл зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту жөніндегі тұжырымдамада жазылған.

Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақының мөлшері 7%-ға, базалық зейнетақының мөлшері 5%-ға ұлғайды.

Сондай-ақ, тағы бiр маңызды бағыттардың бірі 2023 жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу болып табылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 2 қаңтарда заңға қол қойғанын, оның аясында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеуге және жеке қаржы компанияларының басқаруына беруге пайдалану жөніндегі нормалар көзделгенін атап өтті.

БЖЗҚ-дан жинақтардың бір бөлігін алып қою құқығы бар:

- БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, жеткіліктілік шегінен асатын соманың бір бөлігін пайдалана алатын жұмыс істейтін азаматтар;

- зейнетақысы жоғалтқан табыс мөлшерінің кемінде 40%-ын құрайтын (бұрын алған жалақыдан) жұмыс істеп тұрған зейнеткерлер – олар БЖЗҚ-да қалған жинақтар сомасының 50%-на дейін пайдалана алады;

- зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және БЖЗҚ-да қалған сома шегінде жинақтары бар азаматтар.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының басында 2022 жылдан бастап жеткіліктілік шегі ұлғайтылатыны белгілі болды. Кейінірек Тоқаев үкіметке бұрынғы табалдырықтардың қолданылу мерзімін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды.

Сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын (2022 жылға арналған жеткіліктілік шегін ескере отырып) 582 мың адам (барлық салымшылардың 5,3%-ға жуығы) пайдалана алатынын айтты. Шешiлетiн жалпы сома 900 млрд теңгені құрайды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.