Қазақстандық тауарлар Alibaba және eBay сауда алаңдарында пайда болмақ

Сондай-ақ, Wildberries Нұрсұлтан мен Алматыда логистикалық орталықтар салуды жоспарлап отыр

23 декабря 2019 года
    

2020 жылы 100 қазақстандық кәсіпорын "алтын өнім беруші" мәртебесімен Alibaba платформасына шығады, деп хабарлайды LS тілшісі.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Alibaba сауда алаңына шығуға көмек көрсетілетін 50 кәсіпорын іріктеліп алынды.

 "Интернет-экспортер мектебі" бағдарламасы іске қосылды. Оның мақсаты-халықаралық электрондық сауда алаңдарында қазақстандық тауар өндірушілердің санын арттыру және дамыту. Біз Alibaba.com, eBay.com алаңдарында жұмыс жүргіздік, Alibaba-ға шығуға көмектесетін 50 кәсіпорынды іріктеп алдық, ол үшін тиісті ресурстар бөлінді",- деді ол.

Атап айтқанда, мемлекет қазақстандық экспорттаушыларға Alibaba-ға тиісті сертификаттарды сатып алуға көмектесті.

"Келесі жылдың қаңтарынан бастап 50 кәсіпорын "алтын өнім беруші" мәртебесі бар Alibaba халықаралық платформасына шығарылатын болады. Біз келесі жылдың соңына дейін Alibaba-да 50 компанияны шығарғымыз келеді. Бұл бізге осы алаңда қазақстандық павильон құруға мүмкіндік береді. 100 алтын сертификат біздің еліміз нақты павильон түрінде ұсынылуы үшін жеткілікті серпіліс қалыптастыруға мүмкіндік береді",-деп түсіндірді Сұлтанов.

Сонымен қатар, сауда министрлігі қазір Wildberries-пен Нұр-сұлтан мен Алматыда компанияның логистикалық орталықтарын салу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізуде.

"Олардың болуы көлік шығындарын қысқартуға және Ресейге, Белоруссияға, Қырғызстанға, Арменияға және одан әрі Өзбекстан мен ЕО елдеріне қазақстандық тауарларды өткізу арналарын кеңейтуге мүмкіндік берер еді. Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстан мен Өзбекстан тауарларының транзиттік ағыны артады, бұл өз кезегінде жол бойындағы сервистерді дамытуға серпін береді",- деп есептейді ол.

Сұлтанов бүгінгі күні Wildberries платформасында экономиканың түрлі салаларынан 16 қазақстандық компания тіркеліп, 590 жергілікті тауар ұсынылғанын айтты.

Жалпы Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту бойынша жол картасы әзірленуде, оның мақсаты 2025 жылға қарай тауар айналымының үлесін 10%- ға дейін арттыру.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.