Жетісу облысында Қытаймен бірлескен өнеркәсіптік хаб бой көтереді

сегодня

Жетісу облысында жалпы құны 2,4 трлн теңгеден асатын жобалар жүзеге асырылады. Бұл туралы LS-ке өңір әкімдігінде хабарлады.

2026-2028 жылдары 93 жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Күтілетін инвестиция көлемі 2,4 трлн теңгеден асады.

Өңірде 93 жоба түрлі салада қолға алынбақ: өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, логистика, жасыл энергетика, туризм және сауда. Әкімдік шамамен 9 мың адам жұмыспен қамтылады деп болжап отыр.

Бұдан бөлек, әкімдік болашағы зор ірі жобаларды таныстырды.

Облыста 2028 жылдың соңына дейін металлургиялық зауыт іске қосылуы мүмкін. Жоба аясында жылына 860 мың тонна мыс концентратын өндіру жоспарланған. Инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеге жетеді. Әкімдік бұл жобаны өңірдің стратегиялық бастамасы деп атады.

Бұдан бөлек, облыста Қытай тарапының қатысуымен ірі өнеркәсіптік хаб іске қосылады деп күтілуде. Аумағы 1 мың гектар болатын жобаға 330 млрд теңге инвестиция тартылмақ.

2027 жылы Панфилов ауданында сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыт пайдалануға берілуі мүмкін. Жобаның құны – 135,2 млрд теңге.

Бұдан бөлек, өңірде 250 млрд теңгеге халықаралық әуежай салу жоспарланған.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.