Жеңілдетілген автонесиенi рәсімдеу жолдары қандай

16 мая 2022 года

16 мамырдан бастап Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бойынша өтінімдер қабылдана бастады. Бағдарлама арқылы көлiк алу жолдары туралы LS тiлшiсiнiң материалында.

Өнеркәсіпті дамыту қоры алғашқы келісім ЦентрКредит банкімен жасалғанын мәлімдеді. Осы қаржы институтында өтінімдерді қабылдау бүгінгі күннің екінші жартысынан басталды.

Апта соңына дейін Халық банкімен, Еуразиялық және Forte Bank-пен рәсімдер аяқталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы 100 млрд теңге. Сыйақы мөлшерлемесі – 4%, несиелеу сомасы – 10 млн теңгеден аспайды, мерзімі – жеті жылға дейін. Бастапқы жарнасыз, автокөліктi 15 млн теңгеге дейін сатып алуға болады.

Бағдарлама Hyundai, KIA, Chevrolet, JAC, Renault, УАЗ және Lada сияқты автомобиль маркаларына қолданылады.

Айта кететін жайт, клиенттер ескі бағдарлама бойынша кезекте тұрған болса, шарттардың өзгеруіне байланысты олар жаңа бағдарламаға сәйкес қайтадан кезекке тұруы тиіс. Автокөліктi екі жыл ішінде бір реттен артық сатып алуға болмайды.

Бағдарлама бойынша автокөлік сатып алу үшін клиент дилерге барып, автокөлік таңдайды. Төлем шоты мен VIN-кодты ала салысымен барлық құжаттарды банкке жіберіп, шешімін күтеді.

Толық нұсқаулық инфографикада берiлген

Дереккөз: ИИДМ

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.