Жаңа Абай облысында қандай жобалар жүзеге асырылмақ

15 июня 2022 года

Қазақстанда жаңа Абай облысы пайда болды. LS редакциясы осы жылдың соңына дейін өңірде қандай жобаларды іске қосуды жоспарлап отырғанын білді.

Өңірлік әкімдікте хабарлағандай, жаңа нысандар қазақстандық инвесторлар мен Сингапурдың компаниялары есебінен ашылады.

Ақпаратқа сәйкес, Үржар ауданында "Бақты" кедендік өткелінің көлік-логистикалық орталығын ашу жоспарлануда. Жоба 3,8 млрд теңгеге бағаланды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 390 жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ, жаңа облыста 4,45 млрд теңгеге мал шаруашылығы кешенін құру және дамыту жобасы жүзеге асырылмақ. Жаңа нысан Тарбағатай ауданында салынып жатыр. Соның нәтижесінде 120 адам жұмыспен қамтылады.

Өңірде металлургиялық зауыттың CIL учаскесі үшін көмір десорбциясы және электролиз цехының ашылуы күтілуде. Ақпаратқа сәйкес, бұл жобаға қазақстандық инвестор 2,34 млрд теңге салады. Оның қуаттылығы жылына 550 мың тонна өнімді құрайды. 15 адам жұмыспен қамтылмақ.

Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін сингапурлық компания Жарма ауданындағы құны – 6,82 млрд теңге цемент зауытын қалпына келтіріп, жаңғыртпақ. Кәсіпорында жылына 1,2 млн тонна өнім шығарылып, 385 жұмыс орны ашылады.

Бұған дейін, LS Семей Абай облысының орталығы болуға қаншалықты дайын екендігі туралы жазған болатын. Атап айтқанда, осы жылға бюджетте инфрақұрылымды дамытуға 5,3 млрд теңге бөлінді. Автомобиль жолдарын жөндеуге 4,01 млрд теңге, сумен жабдықтау жүйесіне 1,2 млрд теңге бағытталады. Республикалық бюджеттен жылу-энергетикалық жүйені жетілдіруге субвенция есебінен 115,07 млн теңге бөлінеді. Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында жалпы сомасы 18,6 млрд теңгеге жобаларды іске асыру жоспарлануда. Соның есебінен 500-ден астам жұмыс орны ашылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.