Төрт жылдан кейін Қазақстанға 1 млн-ға жуық жұмысшы қажет болады – болжам

2025 жылға қарай еңбек нарығына қысым күтіледі

5 мая 2021 года

Қазақстанның еңбек нарығына 2025 жылға дейін қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмысшы қажет болады. Бұл туралы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" болжамында айтылған, деп хабарлайды LS.

Орталық дайындаған орта мерзімді болжамға сәйкес, Қазақстанда 2021-2025 жылдар аралығында жалдамалы еңбекке деген сұраныс шамамен 1 млн адамды құрайды.

"Оптимистік сценарий бойынша бұл көрсеткіштер біршама жоғары болады. Жалдамалы еңбекке сұраныстың көлемі 5 жыл ішінде 1,2 млн адамды, ал пессимистік еңбекке сұраныстың көлемі – 792,9 мың адамды құрайды деп болжанады. Негізінен жалдамалы еңбекке сұраныс білім беру саласында қалыптастырылатын болады, онда жиынтық еңбек 16-18%-ды құрайды, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы секторында (7,6-дан 10%-ға дейін) және өңдеу өнеркәсібінде (9,7-10,2%)", - делінген болжамда.

2021-2025 жылдар ішінде базалық сценарийде жалдамалы қызметкерлерге жиынтық сұраныс жаңа сұраныстан 55,3%-ға (574 мың) және алмастыру жөніндегі сұраныстан 44,7%-ға (464,4 мың) қалыптасады деп күтілуде, олардың 72%-ы (332,7 мың) зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлерді алмастыруға келеді.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығында 2025 жылы жалдамалы қызметкерлерге жылдық жиынтық сұраныс 244,3 мың адамды құрайтынын, оның ішінде 148,7 мыңы жаңа сұранысты және 95,6 мыңы алмастыру бойынша сұранысты білдіретінін қосты.

"Зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты қызметкерлерді алмастыру қажеттілігі осы кезеңге қарай 15%-ға өседі деп күтілуде (2021 жылғы 59,2 мыңнан 2025 жылы 68,3 мыңға дейін). Жалдамалы қызметкерлердің ең көп бес жылдық қажеттілігі олардың жас шамасы және өзге де табиғи себептер бойынша кетуі салдарынан білім беру саласында (64,5 мың адам), сондай-ақ ауыл шаруашылығында (44,6 мың адам) және өңдеу өнеркәсібінде (44,2 мың адам) орын алатын болады", - деп түсіндіріледі болжамда.

Жалпы алғанда, 2025 жылға қарай негізгі сценарий бойынша жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамды құрайды, олардың 7,7 млн-ы жалдамалы жұмысшылар. Ал 1,2 млн адам жұмыспен қамтылған халықтың басқа санаттарын құрайды.

Бұл ретте жұмыссыздар саны 439 мың адамды құрайды деп күтілуде, яғни жұмыссыздық деңгейі 4,7% болады.

Болжам бойынша, оптимистік сценарийде жұмыс күшінің саны 9,4 млн адамды, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер – 7,9 млн, жұмыспен қамтылғандардың басқа санаттары – 1,1 млн, ал жұмыссыздар саны 442 мың адамды құрайды.

"Пессимистік сценарийде 2025 жылға қарай біз жұмыс күшінің құрамында 9,3 млн адамды күтеміз, олардың 7,5 млн-ы жалдамалы, ал 1,4 млн-ы өзге жұмыспен қамтылған. Бұл ретте жұмыссыздар саны 436 мың адамды құрайды. Біздің болжамымыз бойынша жұмыссыздық деңгейін күтілетін 4,7%-ға дейін төмендету біртіндеп жүретін болады. Ағымдағы және келесі жылы біз 5%- ға жетуіміз мүмкін, содан кейін бұл көрсеткіш жылына 0,1 п.м. төмендейді", - деп хабарлады ЕРДО болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Сонымен қатар, орталықта 2025 жылға қарай еңбек нарығына жастардың (жылына 256 мың адамға дейін) және зейнеткерлік жастың өсуіне байланысты әйелдердің келуіне байланысты қысым күтіледі деп болжануда. Осылайша, жұмыс күшінің саны 2020 жылғы 9 181 мыңнан 2025 жылы 9 463 мың адамға дейін өседі, деп толықтырды мекемеде.

"Ұлттық экономика министрлігінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, ЖІӨ болжамды көлемі мен еңбек өнімділігін негізге ала отырып, 2025 жылы қызметкерлерге сұраныс 8 797 мың адамды құрайды. Осылайша, 2025 жылға қарай жұмыс күші санының өсуіне байланысты жұмыссыздықтың шекті рұқсат етілген деңгейі 4,7% деңгейінде 221 мың жұмыс орындарының тапшылығы күтілуде", – деп хабарлады ЕРДО-да.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.