Questra World финпирамидасын құрушылар сотқа берiлді – ІІМ

Келтірілген материалдық шығын сомасы 1 млрд теңгеден асты

1 ноября 2021 года

Қазақстандағы ең ірі қаржы пирамидасы туралы іс сотқа келіп түсті, деп хабарлайды LS.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, өткен аптада Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған Questra World сотқа берілген.

"ІІМ жедел-тергеу тобы осы қаржы пирамидасының басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Оның барысында 2016 жылдың наурызынан бастап 2017 жылдың маусымына дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында Questra World қаржы пирамидасын құрып, оны құрамына қазақстандықтар тартылған трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында басқарғаны анықталды", – деді ол.

Пирамида басшылары, оның айтуынша, салынған соманың 336%-на дейін табыстылыққа кепілдік бере отырып, салымшыларға виртуалды валютаны пайдалана отырып, құны 90 мыңнан 500 мың еуроға дейінгі ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерді сатып алуды ұсынған.

"Бұл ретте тартылған қаражат жаңа салымшылардың жарналары есебінен байытыла отырып, өзара қайта бөлінген. Нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстанның мыңдаған азаматтары тартылды. Келтірілген материалдық шығын сомасы 1 млрд теңгеден асты", - деді Ораз.

Бұл қылмыстық іс бойынша төрт адам, оның ішінде бұрын Беларуссиядан экстрадицияланған Ресей Федерациясының азаматы жауапқа тартылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда 2021 жылы қаржы пирамидаларынан келген шығын 21 млрд теңгеден асты. Сонымен қатар, мәжілісмендер эстрада жұлдыздарын қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жазалауды ұсынды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.