Назарбаев: Міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге асығудың қажеті жоқ

Мемлекет басшысы медсақтандыру болашақта халыққа біршама қиындық туғызуы мүмкін екенін айтады

5 сентября 2017 года

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған 3 миллионға жуық адам міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен шет қалуы мүмкін. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді деп хабарлайды LS.

Президенттің айтуынша, келешекте халық медсақтандыру жүйесінің кемшіліктерін сынап, қиындықтарға тап болуы мүмкін.

 "Жүйені жақыннан қарағанда шешілмеген түйін көп екенін түсіндім. Бізде 2,7 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған боп саналады. Үнемі министрлерден "әлемнің басқа қай елінде "өзін жұмыспен қамтығандар" деген ұғым бар?" деп сұраймын. "Өзін-өзі жұмыспен қамту деген салықтан қашудың бір түрі ғана", - дейді президент.

Назарбаевтың айтуынша, азаматтар өзі қалаған іспен айналысу мүмкіндігі берілгені үшін мемлекетке ақы төлеуі тиіс. 

"Ол не, жұмыссыз ба? Біз жұмыссыздардың мәселесін шештік – екі қолға бір күрек таппай жүрсең, біз ауылдарға микрокредиттер береміз. Екі сиыр сатып ал да, сауып сүтін сат я бау-бақша егіп, мемлекетке салық төле. Жақсы жұмыс істесең, келер жылы тағы да бес рет береміз. Мұнымен айналысқың келмей ме, қалаға бар: тегін оқытып, сонда жайғастырамыз. Сонда әлгі 2,7 млн адам жаңа реформадан тысқары қалмақ. Бәрін дұрыстап анықтап алайық. Сосын көрерміз. Тағы да қайталап айтам – иә, осыған көшеміз, мүмкін бұл керек шығар, қарсы емеспін, бірақ тағы да сүрініп жүрмейік", - деді  президент.    

Назарбаев, сондай-ақ, кезінде жұмыссыз болып, кейін жұмысқа тұрғандардың жаңа жүйеге қарсы болатынын айтты.

"Денсаулық сақтау министрі, айтып отырғаным дұрыс па, жоқ па? Осындай сұрақтар бола тұра міндетті медициналық сақтандыруға қалайша өтпекпіз? Халық "мен ақша төлеп жүргенде, неге елдің басқа бір бөлігі тегін емделуі керек?" демей ме? Осыларды анықтап алайық. Сосын барып парламентпен бірлесіп, ортақ шешімге келеміз", - деді ол.  

Одан бөлек, президент дәрі өндірісінде монополияны жоюды тапсырды.

"Осы салада бағаның өсуіне жол бермейтін шаралар қабылдануы тиіс, сондықтан дәрі мен медицина өнімдерінің айналымын реттеу керек. Бізді дәрі-дәрмек өндірісінде де монополия бар. Тіпті елге келіп, 50 шақты дәрі-дәрмек шығаруға ниеттенген инвесторлардың өздеріне де кедергі бар дегенді естідім. Неге? Себебі тасымалдаушылар мен қабылдаушылардың арасында екеуіне де тиімді болатын келісім бар. Денсаулық сақтау министрлігіне осы істі шешуді тапсырдым. Меніңше, істеп жатқаны дұрыс, бірақ істі соңына дейін жеткізуі керек", - деді Назарбаев.  

Ары қарай ол жаңа құралдарды пайдаланбай жатқан аймақтардағы медицина мекемелерін сынады. 

"Облыста жаңа құралдар тот басып жатыр. Керек пе, керек емес пе – бәрін алады. Айтпақшы, мұның қызығын әкімдер де, басқалар да көріп отыр. Бюджетті қарастырылған кезде аларына алды да, сосын онымен не істейтінін білмегендіктен игере алмай отыр. Осыны шешіп жатсың ба, министр? Кейін айтып бересің. Бұл тек бизнес ғана емес, ең алдымен адам мен ұлттың денсаулығы", - деді мемлекет басшысы.  

Айта кетейік, бұған дейін дәрі-дәрмек препараттарына баға бекіту мәселесі нақтыланған еді. Ол бойынша, көтерме саудада дәрі-дәрмек бағасы препараттың өзіндік құнынан 15 пайыздан артық қымбат бола алмайды. Бөлшек сауда бұл меже 25 пайызға жетеді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.