Миллионнан астам қазақстандық небәрі 47 мың теңгеге күн көріп отыр

12 сентября 2023 года

Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын тұрғындар саны өсуде, деп хабарлайды LS

2023 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша,1 млн-нан астам қазақстандық ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысқа күн көреді, бұл ел бойынша орташа есеппен айына 47 884 теңге. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 4,6%-ға өсті. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Бұл ретте тұтынуға пайдаланылған кірістер айына орта есеппен жан басына шаққанда 88 439 теңгені құрады. 

Осылайша, азық-түлік пен өзге де қажеттіліктерге жұмсалатын орташа шығын миллионнан астам қазақстандықтардың табысынан 84,7%-ға асып түсетіні байқалады.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болған тұрғындарының көпшілігі Түркістан облысында тұрады – 207,6 мың адам (-4,7%).  Одан кейін Алматы – 98 мың адам (+9,6%), Шымкент – 76,8 мың адам (+11,3%), Жамбыл – 70,7 мың адам (+16,7%) және Жетісу облыстары – 53,9 мың адам (+10%).

Бұл ретте табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында – 25,6 мың адам (-23%), Атырау облысында – 20,3 мың (-7,6%) және Ұлытау облысында – 9,8 мың (+2,1 есе).

Ведомство сондай-ақ, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтар тұратын үй шаруашылықтарының мөлшері бойынша статистиканы ұсынды. 1 миллион кедей халықтың 854,4 мыңы бес және одан да көп адамнан тұратын отбасылар екені белгілі болды. Төрт адамнан тұратын отбасылар – 99,3 мың адам, үш адамнан – 46,6 мың, екі адамнан – 14,7 мың, ал бір адамнан – 1,4 мың адам.    

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, LS редакциясы бай және кедей қазақстандықтардың тамақтануы қалай ерекшеленетіні туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.