Мамин кемінде 440 мың тұрақты жұмыс орнын құруды тапсырды

Оның "Еңбек" бағдарламасының орындалуына көңілі толмады

26 октября 2021 года

Премьер-министр Асқар Мамин дәстүрлі түрде тұрақты жұмыс орындарын құрумен байланысты проблемаларды шешу бойынша бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды LS.

Алдымен ол еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, бір ай мерзімде экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ететін кадрларға қажеттілікті айқындауды тапсырды.

"Екінші. Цифрландыру жаңа кәсіптердің пайда болуына әкеледі. Осыған байланысты жұмыспен қамтудың жаңа түрлерін реттеу және экономикалық белсенділікке тарту тетігін әзірлеуді жеделдету қажет", – деп атап өтті ол.

Үшіншіден, үкімет басшысының айтуынша, біліктілікті реттеу еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруы тиіс. Осыған байланысты еңбек министрлігі салалық мемлекеттік органдармен, ҰКП-мен, кәсіподақтармен, сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, "Кәсіби біліктілік туралы" заң жобасын әзірлеуді және талқылауды жеделдетуді тапсырды.

"Төртінші: Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдігі қысқа мерзімде микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталын толықтыруды қамтамасыз етсін. Бесінші: еңбек министрлігі ҰКП және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, кәсіпкерлік жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде "Бастау бизнес" жобасын іске асыруды жалғастырсын. Жұмыс істеп тұрған жобалық кеңсе аясында жұмыспен қамту бағытын құру қажет", – деп тапсырды ол.

Жалпы, Мамин бүгінде экономиканың барлық салаларының қызметі қалпына келтіріліп жатқанын атап өтті.

"Маңызды мәселе – тұрақты жұмыс орындарын құру, ағымдағы жылы олардың кемінде 440 мың болуы тиіс. Осы күні оң нәтиже Атырау, Қарағанды және Қостанай облыстарында байқалады. Бұл бағыттағы жұмысты басқа өңірлерге де белсенді жалғастыру керек", - деп есептейді ол.

Бұл ретте премьер-министр "Еңбек" бағдарламасының жылдық жоспарын орындамағаны үшін Алматы, Шымкент және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне ескерту айттыы.

"Сондай-ақ, жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жобаларды іске асырудың төмен деңгейі Қызылорда, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе облыстарында байқалады. Бұл аймақтарда әкімдіктер жұмысты жандандыруы керек", – деп түйіндеді ол.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 1 млн-нан астам адам қамтылды, жыл соңына дейін қосымша 200 мың қазақстандықты қамту жоспарлануда.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда тіркелген жұмыссыздық деңгейі Еуразиялық экономикалық одақтағы ең жоғары деңгейдің бірі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы ресми жұмыссыздар саны бір жылда 20,9%-ға өсті.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.