Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджерлерінің активтері мен мүлкі тәркіленді

31 марта 2022 года

Қаржы мониторингі агенттігі Delta Bank топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды LS.

Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының құны 48 млрд теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды, оның ішінде бес қант зауыты, 20-дан астам жер учаскесі, 70 жылжымайтын мүлік объектісі және 40 автокөлік құралы бар.

Сонымен қатар, БАӘ, Ресей, Латвия және Чехиядағы активтерiне тыйым салынды.

"2012 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде ірі акционер Нұрлан Тілеубаев банктің ақшалай қаражатын қайтарымсыз несиелер беру арқылы шығарғаны анықталды. Қылмыстық әрекеттен келген шығын 200 млрд теңгеден астам, $200 млн және 4 млн еуроны құрады", - деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінде.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды, айыпталушылар қамауда.

Бұған дейін, LS 2021 жылдың ақпан айында Алматыда Delta Bank топ-менеджерлері ұсталғаны туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.