Бизнес дағдарыста өзімен-өзі оңаша қалды - Шаханова

2015 жыл бизнес дамуын қамтамасыз ету үшін маңызды алғышарттар берген жоқ

24 января 2016 года

2015 жылы әлемнің көптеген елдеріне, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында да  Қазақстан экспортының төмендегені туралы сан мәрте хабарланды. 2016 жылы отандық компаниялар Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) жағдайында жұмыс жасайтын болады. Қазақстан экспортшылары үшін өткен жыл қалай болды, биыл қандай болады  дегенді Kaznex Invest экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігінің басқарушы директоры Ғазиза Шаханова  LS-ке берген сұхбатында баяндап берді.

– Ғазиза  Ғаниқызы, Қазақстан экспортшыларының 2015 жылғы қызметін қалай сипаттар едіңіз? Бұл компаниялар дами алды ма?

– Менің  ойымша, 2015 жыл бизнестің дамуы үшін салмақты алғышарттар бере алмады. Мүмкін, шикізатшылар тамыз девальвациясын сылтауратып, қысқа үзіліс алған шығар. Бірақ әсері қысқамерзімдік болды, шикізат бағасының құлдырауы жалғасуда. Ал минералдық ресурстарды сатуға қатысы жоқ өзге отандық бизнес үлкен көлемде зардап шекті – жобалар, инвестициялар, құрылыс, құрал-жабдықтарды сатып алу қозғалыссыз қалды. Егер ел ішінде өндіру, тұтыну қиын болса экспорт туралы сөз болуы мүмкін емес.

2015 жылы, менің ойымша бизнес мемлекеттің патронаттық рөлі иллюзиясынан интуитивті түрде қоштасты. Менің көзқарасымша, мемлекеттік аппарат жыл бойы теңгені түзету жағдайына шартты ашықтық танытудың орнына  бизнестің алдында "жасырып", жөнсіз қашықтықты ұстап, үндемей қалды. Экономиканың мәселелерін нақты шешуді рейтингтермен жұмысқа, "чемпиондарды",  бір салықты басқасымен алмастырды. Немесе кез келген ақылға қонымды үкіметтің коэффициенттерді және ұзақмерзімді келісімшарттарды төмендететін  өткен шақтағы сұранысы бар бизнес үшін жедел шаралар ретінде стандартты іс-шаралар жиынтығын беріп.

Сенім шеңбері таңғаларлықтай тарылуы тыныш өткенін сезіне отырып бизнес дағдарыста көбіне-көп өзімен өзі оңаша қалды, көбіне өзі үшін және мемлекеттің жүйелік олқылықтары үшін жауап береді. Әрине,   бәрі түсінеді,  оъективті сыртқы факторлар бар, бірақ  ешкім "шикізаттық тыныштықты" болжап білуге кедергі болмады. Мемлекеттік машина  орасан зор стратегтер мен болжаушылар командасымен қоғам өмірін "ынталандыру-реакция" қағидаты жайлы құрады, әрбір апатты жағдайды есептей отырып қоғам тарапынан көмек көрсету үшін. Егер шынтуайтына келсек,  Парламентті тарату және дағдарысқа қарсы жоспармен іске айтарлықтай  көмектесе алмайсың.

– Сіздің сөздеріңізді сандар да растайды. Деректер экспорт көлемінің төмендегенін көрсетеді. Мұншалықты төмендеу себебін неде?

– Экспорт азайды және оның құлдырауы 43 %-ды құрап, 2014 жылдың 11 айындағы 74,2 млрд. $-дан 2015  жылдың 11 айында 42,7 млрд.  $-ға дейін кеміді.  Көбінесе, минералдық өнімдер (59,9 млрд-тан 30,1 млрд.$-ға), металдар (5,5 млрд-тан  6,2 млрд.$-ға) есебінен. Оған өз үлесін қайта экспортталатын тауарлар – телефон аппараттары, буксирлер, суда-толкачтар, есептеу машиналары, теңіз кемелері, ұшу аппараттары да қосты. Қазақстан аумағынан оларды шығару айтарлықтай төмендеді.

Бұл 2015 жылы сауда компанияларына Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты ЕурАзЭҚ-тың Бірыңғай кедендік мөлшерлемесінен  босатуына  қарай сызбасын қайта қарауға тұра келді. Кемелерді немесе ұшақтарды  жөндеу мақсатында Қазақстаннан шетелге уақытша шығару тоқтады. 

Қазақстаннан шетелге дәстүрлі күшті экспорттық топтарды – мал және өсімдік тектес тауарларды, дайын азық-түлік өнімдерін (2,4 млрд-тан  2,5 млрд. $-ға) шығару шамалы өсті. Сонымен қатар былғары шикізаты (24,7 млн-нан  30,7 млн. $-ға) мен аяқ киім (22 млн-нан  77,9 млн. $-ға) экспорты да шамалы өскені байқалады. Әйтсе де, соңғы позиция, ең дұрысы қайта экспорттау. 2016 жылы менің ойымша экспорт  41-43 млрд. $-дан аспайтын болады.

– 2015  жыл Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының алғашқы жылы болды. Сіз бұл бірлестіктің өткен жылғы қызметін қорытындылай аласыз ба? Қазақстан бұл одақтан қандай басымдық алды?

– Менің ойымша,   ЕурАзЭҚ қазақстандық бизнес жеңу немесе жеңілу үшін құрылды деп ойламаймыз. Бұл саяси жоба. Шамасы, ол уақытта басқалармен байланыста болу керек болдық. Менің көзқарасымша, ЕурАзЭҚ-ты іске қосу идеясы дәл 2015 жылы жасанды түрде жылдамдатылды. Бәрі, жылдамдатылған немесе орнатылған уақыт өте, сөнеді.  Біріншіден, бұл жобаның басты  жетіспеушілігі бастапқыда ЕурАзЭҚ шеңберінде еркін сауда түсінгі өте көп ерекшеліктер қалдырды. Осылайша  жобаның өз түсін өзгертіп, кезекті рет шекараны ұлттық қызығушылықтармен бекіту арқылы белгіледі.

Екіншіден, 2013 жылы-ақ статистика сол кездегі Кеден одағының қазақстандық бизнес үшін соншалықты тиімді болмағанын көрсетті. Әйтсе де  ол уақытта  бажсыз сауда үшін жағдайлар жасалған болатын.

Үшіншіден, 2015 жылдан бастап Ресей геоаяси және саяси шаралардың тікелей қатысушысы болды. Теріс әсері бар  экономикалық санкциялар түріндегі және Ресей аумағы арқылы  Украина, Түркия мен Еуропа елдерінің тауарларын әкелетін қазақстандық команияларға  жанама әсер ететін.  Уәде етілген тең сауда болмаған кезде, қоғамда  тек қауіп пен сұрақтар қалады.

Мысалы, бәрі түсінеді,  ЕурАзЭҚ-тың сыртқы саясатын Ресей анықтайтынын.  Бірақ бұл заттарды тіпті бүркемелеуге де тырыспайды. Мәселен, ЕурАзЭҚ еркін сауда аймағының басымдықтары  туралы  әлемнің үшінші елдеріне ұлтүстілік орган-комиссия шенеуніктері емес Ресей Үкіметінің мүшелері мәлімдейді. Вьетнам мен Гонконгтағы жағдай оған үлгі болады. ЕурАзЭҚ шенеуніктері қандай еуразиялық өнеркәсіптік кооперация туралы айта береді, егер кәспорындар ең табиғи түрде бір бірімен бәсекелесетін болса. Бір бірінің тауарлар нарығына қолжетімділігін  шектейтін мемлекеттік сатып алулар бұрынғыдай ұлттық деңгейден алып тасталмай бірыңғай нарықта ұзақ өмір сүруге қалай бұйыруға болады? Мүмкін, уақыт  орталығы мезгілімен кемінде  сол бір шындыққа дейін жету  үшін шеткі аймақтармен сағаттарды салыстырып отыру керек шығар.

ЕурАзЭҚ-тың статистика мәліметтерін 2015 жылдың 11 айы бойынша келтіруге болады.  Қазақстанның ЕурАзЭҚ-тағы экспорты – 4,5 млрд. $-дан астам. Бұл Қазақстанның жалпы экспортының шамамен 10 % -ын құрайды.  Ресейге  4 млрд. $-дан астам, Қырғызстанға 472 млн. $, Беларусьқа  46 млн. $,  Арменияға  675 мың $-дың тауарлары шығарылады. Ресейден 9,4 млрд. $-дан астам,  Белорустан  446 млн. $, Қырғызстаннан  172 млн. $, Армениядан  3,4 млн. $-дың тауарлары импортталады.

– Одаққа кірмейтін елдерге қатысты  экспорт  үшін қандай қызықты бағыттарды атай аласыз?

– Барынша ең  қызықты экспорттық бағыттар, менің ойымша, Иранға қарсы АҚШ санкцияларыны алынуына байланысты Түрікменстан-Иран  бағытындағы жаңа темір жол бағытының ашылуына байланысты Иран, Түрікменстан, Парсы шығанағы мемлекеттері. Бұрынғыдай күрделі, бірақ соған қарамастан кіру үшн қызықты нарық Қытай болып саналады. Қазақстандық бал, сүт, май және ет өнімдерін өндірушілер қытайлық нарыққа мал өнімдерін жеткізу жолдарын іздеуде.   Дүниежүзілік сауда ұйымы бұл нарыққа кіру қиындығын жояды дегенге зор үміт артылып отыр. 2015 жылдың желтоқсанынан  бастап ынтымақтастыққа ресейлік компаниялар да үлкен  қызығушылық танытуда. Мысалы, Мәскеу мен оның айналсындағы сауда үйлері Қазақстанның азық-түлік өнмдеріне қызығуда. Бұл макарон, бакелея, конфет,  шұжық, ірімшік, тауық еті. Кейбір сауда компаниялары ұлттық байырғы тамақ өнімдеріне – қой, жылқы еттері мен қымыз, шұбатқа ықылас білдіруде.  Анар мен лимон жеткізуге де ұсыныс бар.  Бірақ, өкінішке орай, бұл біздің салыстырмалы басымдығымыз емес.

– Сіз  ДСҰ-ды атап өттіңіз. Жақында Қазақстанның бұл ұйымға қосылуы туралы келісім пункттері өз күшіне енді. Сіздің ойыңызша еліміздің ДСҰ-ға кіруінен не күтуге болды?

 – Мүмкін, мен қателесетін шығармын, бірақ мен бизнесмендер, оның ішінде эспортшылар  үшін ДСҰ тақырыбының ауқымды насихатталғанын байқамадым келісімді ратификациялағанымызға  үш айдан асса да. Мен ДСҰ-дан 2016 жылы экспорттаушылар үшін не күтем? Білесіз бе, мен экспорттаушылар үшін емес, қазақстандық мемлекеттік органдар үшін көп уайымдаймын. Күшті әлемнің ықпалдыларының алдында бизнесті мемлекеттік қолдаудың  керекті және сақталуы қажет ағымдағы және әлеуетті шараларынан алдын ала бас тартуы мүмкін болғандықтан.   Әлемдік экономикадағы соңғы оқиғалар анық аңғартты, кез келген ауа райында ақылды үкімет өзінің ұлттық мүдделерін (бизнес) басшылыққа алатынын және кез келген жағдайда ДСҰ қағидаттарын экономикалық саясаттың негізгі догмалары ретінде қоймайды. Десе де, ДСҰ – бұл үлкен көршілерге ұнау үшін аяғыңды ұлттық өнеркәсіпті тар мүмкіндіктегі бөтелкеден итеріп шығару емес. Бұл тәсіл – алысты көре алмайтын, үстіртін және әлсіз.

Бейнелі түрде – бұл халықаралық сауда тәртібі. Әділ саудалауға   және бизнесті таза қолдау үшін қол қоятын. Бірақ көп емес. Еске алатын болсақ соңғы 30-40 жылда  халықаралық сауда тым саясиланды. Тәртіпті бұзу өзінен-өзі тәртіпке енді. Экспорттаушыларға қолдау көрсетуге келетін болсақ,  біз де  мемлекеттік қолдау тәртібін  ДСҰ талаптарына сәйкестендіруге  мәжбүр болдық. Енді қолдауды  "экспорттық келісімшарт", "сыртқы нарықтар", "экспорттаушы" түсініктерімен байланыстыру мүмкін емес.

– Әйтсе де, біздің экспорттаушыларымызды  қолдау үшін мемлекетке қандай шаралар қабылдау қажет? Оның ішінде  Kaznex Invest агенттігі не істей алады?

 - Өкінішке орай, Kaznex Invest ықпал етудің тікелей тетіктеріне ие емес. Экспортшылармен арадағы ендігі ахуал экономика, өнеркәсіп және сауда өз ішінде қаншалықты сәтті болғанына байланысты. Ал сыртқы нарыққа өндіруші енді сапаның жоғары деңгейін өзі қаншалықты  қамтамасыз ете алуымен бәсекелеседі. Ал қалғанын – сатып  алушылар іздеу, шығынды қалпына келтіру, экспорттаушылардың мүдделерін қорғауды – біз  жасаймыз.

Экспорттаушылар – бұл  жеке бизнес түрі  емес. Бұл да бір өндірушілер, түрлі себептермен экспорттық жеткізумен айналысатын. Мысалы,  артық өндіріс немесе шетелде жақсы сұраныс барда. Экспорт  несиеге шынайы қолжетімділік, қалыпты өндірістік мөлшерлемелер, ел ішінде  тұтыну мүмкіндіктері болмаса мүмкін емес. Әрине, жобаларды  несиелендіру, ұзақ мерзімді және қарау рәсімдері жоспары, кепілді консервативті бағалауы, несие бойынша жоғары пайыздық құнына  қатысты банктердің қазіргі позициялары қуантпайды. Мүмкін, мемлекет дағдарысқа қарсы бюджет қаржысының бас әкімші ретінде бизнесті қаржылық қолдау сызбасын қайта ойластыруы керек шығар. Әйтпесе, дағдарыс кезінде салық  және жұмыспен қамту түрінде оның қайтарылуынан оң нәтиже күту мүмкін емес. 2016 жылы үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарында отандық өндірушілер үшін электр қуатын өндіру және темір жолмен тасымалдау коэффициенттерiн уақытша төмендету қарастырылған. Қымбатты, шенеунік мырзалар ШОБ (Шағын жәнем орта бизнес) кәсіпорындарынан субсидия алатын бақыттылардың  тізімін  жасаңдар. Тыныш кабинеттеріңде  жасырынбай, ашық және мөлдір.  Қолымды жүрегіме қойып айта алам,   дағдарыс – бюджет ақшасын жеке бизнесті кредиттеу немесе субсидиялау үшін салалық басымдықтарға орналастыру уақыты

2016 жылы мүлде түсініксіз болады, сұраныстың төмендеуі жағдайында өзге басым еместер арасында металлургия қандай басымдыққа ие болады. Мұнда барынша конструктивтілік болғанын қалаймын. Бұл ҚҚC-ты (Қосымша құн салығы LS түсіндірмесі) сауда салығымен алмастыруға да қатысты. Экспоршыларға енді қандай сызбамен жұмыс жасайтынын  түсіндіріңдерші.  Дегенмен, принцип бойынша не болу керектігін айтқаннан қандай нәтиже бар. Бұл өнімсіз жұмыс. Әсіресе, бұл туралы қаншама ақылды адамдар айтқан кезде. Мүмкін,   жұмыс  шараларда  емес, жүйесінде шығар. Ал бұл тақырып терең және экспортпен байланысты емес.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.