Биыл Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

1 сентября 2022 года

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді ұсынды. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жасаған Жолдауында айтты, деп хабарлайды LS.

Жолдау барысында ол сондай-ақ, бір президенттік қағидатқа көшуді жариялады.

"Осы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділ Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты іске асыру үшін халық сенімінің жаңа мандаты қажет. Мен үшін мемлекеттің мүдделері бәрінен жоғары. Сондықтан мен өкілеттік мерзімін қысқартуға және кезектен тыс президенттік сайлауға баруға дайынмын", - деді ол.

Тоқаев президенттің өкілеттік мерзімінің саны мен ұзақтығын қайта қарау қажеттігін атап өтті.

"Президенттің мандатын жеті жылға бір мерзімге шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлауға тыйым салынады", - деді мемлекет басшысы.

Ол саяси жаңғырту аясында парламентаризмнің дамуы басты орын алатынын айтты.

"Тұтастай алғанда, конституциялық реформада көзделген барлық институционалдық өзгерістерді жыл соңына дейін заңнамалық тұрғыдан аяқтау қажет. Олар саяси партиялар санының артуына алып келеді, саяси бәсекелестікті күшейтеді, халық қалаулыларының жаңа толқынының пайда болуына ықпал етеді. Ескі үлгілер бойынша сайланған өкілді билік органдары кезектен тыс электоралдық циклден өтіп, заңды түрде жаңаруы тиіс", - деді Тоқаев.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.