БҚО-да тағы бір мұнай өңдеу зауыты салынбақ

7 февраля 2023 года

Батыс Қазақстан облысында биыл мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) құрылыс жұмыстарын 158,2 млрд теңгеге қайта жалғастырмақ. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте айтты.

Мұнайды терең өңдеу зауыты Теректі ауданының Алғабас кентінде бой көтереді. Жобаны Қазақстан мен БАӘ компаниялары жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта шетелдік банктермен қаржыландыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Әкімдікте құрылыс жұмыстарын қайта бастау 2023 жылға жоспарланғанын хабарлады.

Кәсіпорында жоғары сапалы автомобиль бензині, дизель отыны, керосин және битум өндірісі жолға қойылады.

2022 жылдың ақпанында LS редакциясы жаңа бас мердігермен келісімшарт жасасу және құрылыс-монтаж жұмыстарын қайта бастау туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Айта кетейік, сот шешімімен сот талқылауынан кейін бас мердігермен шарт бұзылды. Бұл ретте әкімдікте жаңа компаниямен шарт жасасқаннан кейін объектідегі жұмыстарды қайта бастау жоспарланып отырғанын хабарлады.

Жоба 2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасының III бесжылдығы шеңберінде іске асырылады. Кәсіпорында 200 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда зауытты 2021 жылы 158,2 млрд теңгеге  іске қосу жоспарланған болатын. Кәсіпорынның қуаттылығы-жылына 750 мың тонна өнім.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.