Қазақстаннан Ресейге және Өзбекстанға миллиардтаған теңге аударылды. Инфографика

Бір жыл ішінде жөнелтілген жалпы ақша көлемі 9%-ға өсті

21 февраля 2020 года

2019 жылы Қазақстаннан басқа елдерге 655 миллиардтан астам теңге аударылды, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, бұл 2018 жылға қарағанда 8,8% - ға артық. Жалпы, өткен жылы Қазақстаннан 655,2 млрд теңге жіберілген.

Ең көп ақша Ресейге – 208 млрд теңгеден астам және Өзбекстанға – 139 млрд теңге аударылған. Бұдан әрі Түркия мен Қырғызстанға 93,4 млрд және 87,2 млрд теңге түсті. Қытайға бір жыл ішінде 35,5 млрд теңге жіберілді.

Барлық қаражаттың ең азы Қазақстаннан Украинаға - 10,7 млрд теңге және Арменияға - 9,4 млрд жөнелтілген.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағында 46,4 млрд теңгенің транзакциялары жасалды.

Бұған дейін LS Қазақстанға басқа елдерден 2019 жылы 342 млрд теңгеден астам қаржы аударылғаны туралы инфографика дайындаған болатын.

Басқа инфографикалар

Материал мен инфографиканы басқа БАҚ-на көшіруге тыйым салынады
Ақпарат көзі: Ұлттық банк

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.