Теңгенің әлсіреуі, несиелеу шарттарының күшеюі және тауарлардың тапшылығы қазақстандық тұрмыстық техника мен электроника нарығына кері әсерін тигізді. Evrika компаниясының коммерциялық директоры Данияр Сасықов LS-ке берген сұхбатында осы салада бір жыл ішінде не өзгергенін айтып берді.
- 2022 жылдың басынан бергі Қазақстанның тұрмыстық техника мен электроника нарығының көлемі қандай және 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаншалықты өзгерді?
- GFK талдау компаниясының деректеріне сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-сәуір аралығында тұрмыстық техника мен электроника нарығының көлемі 366 млрд теңгені және сатылған 2,9 млн техника бірлігін құрады, осылайша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сома бойынша – 2%-ға және сандық көрсеткіші – 17%-ға төмендегенін көрсетті.
- Қазақстандықтар 2022 жылдың басынан бері қандай техниканы жиі сатып алып жатыр? Былтырғы жылмен салыстырғанда олардың сұранысыөзгерді ме?
- Егер сатып алынған тауарлар бойынша қорытынды шығарсақ, онда рейтингте 43,7% үлесімен ұялы телефондар көш бастап тұр, екінші орында 9,6% – теледидарлар, одан кейін 8,9% – ноутбуктер, 6,5% – тоңазытқыштар және 6% – кір жуғыш машиналар. Осылайша, бес жетекші санаттың жалпы үлесі 74,7% құрайды.
Сатылған бірліктер саны бойынша топ-5 санаттың бірде – біреуі өсім көрсеткен жоқ: төменгі көрсеткіш телефондар бойынша – 23%, теледидарлар – 19%, ноутбуктер – 13%, тоңазытқыштар – 5% және кір жуғыш машиналар – 12% құрады. Демек, ақшалай көріністегі кейбір санаттар бойынша өсім тауардың орташа құнының қымбаттауына байланысты деп қорытынды жасауға болады.
- Жыл басынан бері өнімнің негізгі түрлеріне құн қанша пайызға өсті?
- GFK деректеріне сәйкес, Қазақстанда тауарлардың негізгі 29 санатына (сату сомасы бойынша) орташа құны 106 мың теңгеден 125 мың теңгеге дейін өсті, бұл +18,5% өсімді құрайды. Ұлттық валютадағы телефондардың орташа құны 151 мың теңгені (+8,7%), теледидарлар 276 мың тг (+35,2%), ноутбуктер 356 мың тг (+14,5%), тоңазытқыштар 249 мың тг (+22,5%), кір жуғыш машиналар 180 мың тг (+30,5%) құрады. Іс жүзінде тауарлардың бірде-бір санаты арзан болмады.
- Ал тауарлардың қымбаттауының себептері неде?
- Шын мәнінде бағаның өсуіне әсер ететін көптеген факторлар бар. Біз негізгі деп санайтын олар:
- 2022 жылғы ақпан айының соңында басталған ұлттық валютаның девальвациясы;
- шикізаттың қымбаттауынан, чиптердің тапшылығынан, бірқатар өндіруші зауыттардың уақытша тоқтатылуынан, жеткізу тізбегінің бұзылуынан, жұмыс күші құнының ұлғаюынан туындаған компоненттердің қымбаттауы мен тапшылығы;
- Қытайдың теміржол тасымалына субсидияларды алып тастауына, баждардың ұлғаюы, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда теңгерімсіздігінен туындаған контейнерлердің тапшылығы, Ресейге логистикалық санкциялар енгізуден туындаған тауарларды тасымалдау маршрутының өзгеруіне әкелген логистика құнының өсуі;
- өнім берушілердің өздері өнім желісін неғұрлым премиум модельдердің пайдасына ауыстыруға шешім қабылдауы және т.б.
- Егер нарық көлемінің өзгеруіне қайта оралсақ. Бұның себебі неде? 2022 жылға арналған болжамыңыз барма?
- Сатудың төмендеуінің негізгі себептері – тұтынушылық несие беру деңгейінің қысқаруы, несие өнімдерінің мерзімінің қысқаруы, жоғарыда айтылған себептерден туындаған өнімнің қымбаттауы, Ресейге қатысты бірқатар енгізілген технологиялық және логистикалық санкцияларға байланысты белгілі санаттардағы тауар тапшылығы болып табылады. Оның үлесіне Қазақстанға импортталатын тауардың шамамен 35%-ы тиесілі.
- Қазақстандықтарға несие беру шарттарының қатаңдатылғаны туралы толығырақ айтып бере аласыз ба?
- Базалық мөлшерлеменің 14%-ға дейін ұлғаюы қорландырудың қымбаттауына алып келді. Кірістілікті сақтау мақсатында несие ұйымдары бөлшек сауда желілеріне несие өнімдері үшін комиссияларды ұлғайтты, бұл ретте несиелер мен бөліп төлеу мерзімдерін едәуір қысқартты, сондай-ақ түпкілікті тұтынушы үшін мақұлдау деңгейін қысқартты. Бұл бөлшек сауда желілеріндегі сатылымның төмендеуінің басты себебі.
Сонымен қатар Қазақстанның жалпы ішкі өніміне сәйкес тұтынушылық несие беру деңгейі салыстырмалы түрде жоғары емес. Сол себепті біз реттеушінің тұтынушылық несиелерді төмендетуге талпынуының объективті себептерін көріп отырған жоқпыз. Өйткені, тұтынушылық несиелеудің өсуі бөлшек саудаға 2015 жылы екі есе девальвациядан кейін қалпына келуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жағдай тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне әкеледі және тұтастай алғанда бөлшек саудаға теріс әсерін бермек. Соның ішінде елдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылатын бөлшек сауда орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін..
- Ал геосаяси жағдай қазақстандық техника мен электроника нарығына қалай әсер етті? Бұл жағдайда техниканың жетіспеушілігі байқаладыма және қандай түрлері бойынша?
- Бірқатар санаттар мен брендтер бойынша Қазақстанға жеткізу көлемі ұлғайды, ал кейбіреулері қысқарды немесе тіпті тоқтатылды. Жоғарыда айтқанымыздай, импортталатын тауарлардың шамамен 35%-ы Ресейде өндірілген немесе шоғырландырылған. Ресей Федерациясына бірқатар санкциялар енгізілгеннен кейін, негізгі өндіруші зауыттар Ресей нарығына арналған жабдықтар өндірісін баяулатты немесе тоқтатты, ресейлік компанияларға тауарларды жөнелтуді тоқтатты.
Өндірушілердің ресейлік қоймаларында артық тауардың болуы Қазақстанға бірқатар негізгі санаттар бойынша тапшылықты жабуға мүмкіндік берді. Алайда қазақстандық желілер сөрелерінде осы тауардың болуы базалық мөлшерлеме 14% деңгейінде сақталғанға дейін, несиелер мен клиенттер үшін ұзақ мерзімге бөліп төлеу қайтадан қолжетімді болмайынша және мақұлдау бұрынғы деңгейге оралмайынша сатылымның өсуіне үлкен әсер етпейді.
- Evrika компаниясы қандай жаңа логистикалық жолдарды дамытуда? Ресейден импорттау кезінде жеткізілімдердің уақыты мен бағасы қаншалықты артуда?
- Тасымалдау маршруттары мен мерзімдерін геоосаяси жағдай мен жеткізушілердің Ресей аумағындағы зауыттардың жұмысын қайта бастауы немесе өндірісті басқа елдердің аумағына көшіру туралы шешімдері айқындайтын болады. Ресейде орналасқан зауыт өндірісті жабу туралы шешім қабылдады деп ойлап көріңіз. Бұл жағдайда осы брендтің жеткізушісі Қазақстандағы сату көлемін сақтау мақсатында біздің нарық үшін өндірісті басқа елге ауыстырады. Бұл жағдайда, егер Ресейден жеткізу мерзімі 10 күннен аспай, тасымалдау құны $2 мыңнан 3 мың долларға дейін болса, мысалы, өндіруші зауыт Вьетнамда делік, онда жеткізу мерзімі мен тасымалдау құны бірнеше есе артуы мүмкін.
Әрине, бұл Ресей зауыттарында өндірілген тауарлар құнының айтарлықтай өсуіне әкеледі. Алайда, бірқатар санаттар бойынша жағдай тиімдірек болуы мүмкін. Мысалы, өндірісті Ресейден Өзбекстанға ауыстырған кезде логистиканың құны мен мерзімі, керісінше, одан да арзан болады. Қазіргі уақытта нақты бірдеңе айту қиын. Себебі, Ресейде орналасқан жеткізушілер зауыттарына қатысты қандай шешім қабылдайтынын білмейміз.