Қазақстандық отбасы 150 мың теңгеге өмір сүруде

Респонденттердің көпшілігі өздерінің қаржылық жағдайының өзгеріссіз қалғанын айтты

8 июня 2021 года

Қазақстандық отбасының табысы орта есеппен 100-150 мың теңгені құрайды. Мұндай деректер Ұлттық банктің инфляциялық күтулер бойынша жаңа сауалнамасында жарияланды, деп хабарлайды LS.

Құжатқа сәйкес, мамыр айында респонденттердің 76%-ы ақшалай табыс көзі болып жалақы, 34%-мемлекеттік жәрдемақы, зейнетақы және стипендия, 9%-алимент және туыстарының көмегі екенін айтты.

"Респонденттердің 26%-ы мамыр айында отбасының орташа айлық табысы 100 мың-150 мың теңгені құрағанын мәлімдеді. Сұралғандардың 24%-ы – 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін, 17%-ы – 70 мыңнан 100 мың теңгеге дейін деп көрсеткен. Қазақстандық отбасылардың 11%-ы табысы 40-70 мың теңге және 300 мың теңгеден астам шамада өзгерді, 8%-ы сұраққа жауап бере алмады, ал 3%-ы отбасының табысы 40 мың теңгеден аз болды", – деп хабарлады Ұлттық банкте.

Респонденттердің көпшілігі (51%) олардың отбасының материалдық жағдайы өзгеріссіз қалғанын жеткiздi.  Ал 36% жақында жақсаратынына сенім бiлдiрдi.

Сондай-ақ, сұралғандардың тек 20%-ы жинақ ақшаға ие. 67% – қаражатты банктерде депозитте сақтайды, 20% – қолма-қол нысанда, 12%-ы жылжымайтын мүлікке, 3%-ы бағалы қағаздарға және 1%-ы өз ісіне инвестициялаған. Негізінен ақша теңгемен және доллармен сақтаулы.

"Бүгінгі таңда қазақстандықтардың көпшілігі (17%) 100 мың теңгеге дейінгі соманы жинақ деп атайды. 13% – 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейінгі соманы, 11% – 300 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі соманы және 1% – 20 млн теңгеден 500 млн теңгеге дейінгі соманы атады", – деп түйіндеді сауалнамада.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
вчера
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с ЛУКОЙЛом и Роснефтью
вчера
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Цифровые финансовые инструменты должны работать на клиентов – Турлов
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.