Қазақстаннан кететін дәрігерлер мен педагогтардың саны пандемия кезінде күрт өсті, деп хабарлайды LS.
Мәжілісмен Александр Милютиннің айтуынша, егер 2019 жылы эмигранттардың жалпы статистикасындағы жоғары білікті мамандардың үлесі 50,6% құраса, 2020 жылы пандемия мен қозғалыстың шектелуіне қарамастан, бұл көрсеткіш 54,3%-ға жетті.
"Бұл ретте 2019 жылға қарағанда Қазақстаннан үш есе көп дәрігерлер, төрт есе көп педагогтар, бес есе көп техникалық мамандар кетті. Сондай-ақ, жастардың елден кетуі көбейдi", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін LS елден кеткендердің арасындағылардың 8183 жоғары білімі бар жандар, бұл 15 жастан асқан мигранттардың жалпы санының 37,7%-ын құрайды.
2020 жылы Қазақстаннан кеткен 4471 адамның техникалық, 2332 – экономикалық, 1454 –педагогикалық, 759 – медициналық, 541 – заңгерлік, 447 – сәулет-құрылыс, 230 – ауыл шаруашылық, 5365 – басқа мамандықтары бар.
Негізгі себептердің арасында депутат қазақстандықтардың өмір сүру сапасының төмендеуінің жалғасуын, ертеңгі күнге деген сенімділік пен қолжетімді білімнің болмауын атап өтті.
"Он мыңдаған жастар Қазақстаннан кетіп, шетелге, әсіресе Ресейге оқуға кетеді, онда шетелге кеткен барлық студенттердің 60% оқиды және сол жерде мәңгі қалады. Әсіресе, Қазақстанда жоғары білім алудың танымал еместігі этноспен немесе тілмен байланысты емес. Бұған Ресейде және басқа елдерде оқып, сонда қалуға ниет білдіргендердің арасында этникалық қазақтардың едәуір бөлігі бар екендігі дәлел бола алады", – деп жалғастырды Милютин.
Оның пікірінше, басты себеп, Қазақстанда 2019 жылдан бастап білім берудің сырттай нысаны тоқтатылды. Бұл біздің елімізде қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша жоғары білім алуға мүмкіндік жоқ, ал ресейлік университеттер мұндай оқу бағдарламаларын кеңінен ұсынады.
"Тағы бір себеп, Қазақстаннан келген талапкерлердің ресейліктермен тең дәрежеде тегін оқуға түсу шарттары мен мүмкіндіктері бар. Ал Ресейде мамандықтарды таңдау әлдеқайда көп. Біздің ойымызша, ең маңызды себеп, Ресейде жұмысқа орналасу ықтималдығы жоғары. Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің жартысынан көбі мамандығы бойынша жұмыспен қамту туралы айтпағанда, қандай да бір жұмыс таба алмай жүр", - деп түсіндірді ол.
Жалпы, Қазақстанда еңбек нарығы нашар бақыланады, соның салдарынан "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алған түлектер де мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмайды, деп атап өтті мәжілісмен. Бұл ретте жоғары оқу орындарындағы білім беру шетелдік білім берушілерден айырмашылығы бітірушіге жұмыс процесіне бірден қосылуға мүмкіндік беретін практикалық дағдыларды қалыптастыруға жеткіліксіз бағдарланған, деп қосты ол.
Милютиннің пікірінше, жас отбасыларға арналған ипотеканың, балаларға арналған білім беру мекемелерінің қолжетімділігі, сондай-ақ Ресейде бар ана капиталының, отбасын қолдау бағдарламаларының болуы және Қазақстанда жоқ екенi маңызды болып табылады.
Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан өңірлерінде қандай мамандарға сұраныс бар екенін анықтаған болатын. Сондай-ақ, қазақстандық электр энергиясы нарығында мамандар тапшылығынан қиындықтар туындады.