Қазақстанда ислам банктері неге дамымай тұр

17 марта 2023 года

Қазақстанда ислам қаржысына деген сұраныс жоғары. Алайда ұсынылатын өнімдер әлі де қанағаттанарлық деңгейде емес. Бұл нарықтың дамуына не кедергі болатыны туралы LS-ке Jusan Analytics зерттеу орталығында хабарлады.

Соңғы бес жылда Қазақстандағы ислам банктері активтерінің орташа жылдық өсімі 18%-ды құраса, дәстүрлі банк секторында бұл көрсеткіш 12% болды.

"Бұл сектор қарқынды өсіп келе жатқанына қарамастан, Қазақстанның банк жүйесіндегі исламдық қаржы құрылымдары активтерінің үлесі 0,2%-дан аспайды. Негізгі себеп бизнес-модельде және жалпы оларды қоршаған бизнес-ортада болуы мүмкін", - деп түсіндірді Jusan Analytics басқарушы директоры Әнуар Қуандықов.

Ол елде Al Hilal және Заман банкі жұмыс істейтінін еске салды. Олар негізінен корпоративті клиенттерге несие беруге бағытталған. Ал жеке тұлғаларға берілген ипотекалық кредит (10%) пен тұтынушылық несиенің (2%) үлесі 10%-дан аспайды.

Ислам қаржысының болашағын бағалай отырып, Қуандықов мысал ретінде Ұлыбритания мен Түркияның тәжірибесін келтірді. Тек 2021 жылы осы екі елдегі Ислам тұжырымдамасы бар қаржы құрылымдарындағы депозиттер көлемі сәйкесінше 84% және 78%-ды құрады. Ал Қазақстанда шариғат талаптары бойынша жұмыс істейтін банктердегі салымдар көлемі небәрі 36%.

Сарапшы Қазақстан осы елдердің тәжірибесін жергілікті нарықта табысты дамыту үшін пайдалана алады деп есептейді.

Әнуар Қуандықов"Негізінен Қазақстандағы ислам банктері өз капиталы мен акционерлері есебінен жұмыс істейді", - деп түсіндірді ол.

Ислам қаржысының одан әрі дамуын болжай отырып, Қуандықов статистикалық мәліметтер келтірді. Ұлттық санақ мәліметтері бойынша елде 13,3 млн-нан астам мұсылман тұрады. Негізінен Қазақстанның оңтүстігінде. Бұл ретте Jusan Analytics есептеулері бойынша экономикалық белсенді жаста шамамен 1,6 млн қазақстандық – бес уақытын намазын үзбейтін тақуа азаматтар. Яғни бұл адамдар исламдық қаржы өнімдерінің әлеуетті тұтынушылары болып табылады.

Осы сандарды ескере отырып, сарапшылар қазіргі уақытта 1,5 млн қазақстандық, егер қалыптасқан тапшылық болмаса, исламдық қаржы өнімдерін пайдалана алады деп есептейді.

Jusan Analytics зерттеу орталығының мәліметінше, банктер өз алдына халықтың осы санатына назар аударған кезде ғана ағымдағы 30,2 млрд теңгенің орнына салымдарды 200 млрд теңгеге дейін арттыра алады. Ал несие портфелі қазіргі 51,2 млрд теңгеден 147,7 млрд теңгеге дейін өсуі мүмкін.

"Қазақстанда ислам банкингін одан әрі дамытуға негіз бар екенін байқаймыз. Мен қазір де іске қосуға болатын үш негізгі өнімді атап өткім келеді. Біріншіден, барлық банктерде бар кепілсіз тұтынушылық несие беру. Екіншіден, бұл автомобильдер мен арнайы техника лизингі. Үшіншіден, тұрғын үй-құрылыс несиелері", - деп түсіндірді Ә. Қуандықов.

Алайда, қазіргі сұраныс пен клиенттік базаға қарамастан, Қазақстанда осы нарықтың дамуына кедергі келтіретін проблемалар әлі шешілген жоқ.

Атап айтар болсақ, ислам банктеріндегі депозиттер сақтандырылмаған, инвестициялау құралдары мен инфрақұрылымдар жоқтың қасы. Ал Ұлыбритания мен Түркияда ислам банкингіне мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіледі, салымдардың сақталуына кепілдік берілген. Сондай-ақ цифрландыру технологиялары кеңінен қолданылады. "Қазақстанда ислам банкингі дамудың бастапқы сатысында тұр. Қолда бар әлеует пайдаланылмай жатыр. Нарықты және қалыптасқан ережелерді өзгерту қажет. Шариғат қағидаттарына сәйкес келетін қажетті өнімдерді дамытқан жөн. Өйткені бұл нарықтың мүмкіндіктері айтарлықтай үлкен", - деп түйіндеді Әнуар Қуандықов.

Анықтама

Исламдық банкинг- бұл шариғат ережелері мен қағидаларына негізделген жүйе. Соған сәйкес пайыздарға тыйым салынады, ал ақша тек айырбас құралы қызметін атқарады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.