Ет одағының мүшесі Мақсұт Бақтыбаев LS-ке Қазақстандағы су тасқыны ет құнына қалай әсер ететінін айтты.
16 сәуірдегі мәлімет бойынша, елімізде 7 мың бас мал өлімі расталды. Оның көп бөлігі ұсақ мал. 112,5 мың ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз учаскелерге эвакуацияланды.
Бақтыбаев бұл елдің барлық мал басының 0,1%-нан аз екенін атап өтті. Бұл ретте малдың 70-80%-зы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан.
"Егер барлық малдың 0,1%-зы өлсе, онда баға шамамен осыншама көтеріледі. Басқаша айтқанда, құнға айтарлықтай әсер етпейді", - деп түсіндірді ол.
Сарапшы күзгі-қысқы маусымға дейін бағаның өсуіне ешқандай алғышарттар жоқ екенін атап өтті. Осыған байланысты көтерме көрсеткіштер бұрынғы деңгейде қалады. Мәселен, бір келі бордақыланған бұқа еті үшін 2,1-2,3 мың теңге. Бөлшек сауда сатушыға байланысты 3,5 мың теңгеге дейін жетеді. Осыған байланысты фермерлер мен делдалдардың кірістеріндегі диспропорция сақталады.
Әлеуметтік желілерде су тасқыны кезінде өлген малдың еті нарықта пайда болуы мүмкін деген ақпаратқа келетін болсақ, Бақтыбаев заң бойынша мұндай тауарды сатуға болмайтынын атап өтті. Сондықтан базарлар мен жекелеген сату нүктелерінде ветеринарлық бақылауды күшейту қажет деді ол.
Бұған дейін, LS редакциясы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 4 млрд теңгеге жуық мемлекеттің материалдық резерві брондалғанын хабарлаған болатын.