Бір жыл ішінде АИ-92 12,8%-ға қымбаттады. LS редакциясы жанар-жағармай бағасы қай аймақтарда ең көп өскенін анықтады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың мамыр айында АИ-92 литріне 171,3 теңгеден сатыла бастады. Бір жыл бұрын жанар-жағармайдың бұл түрі литріне 151,8 теңге тұратын. Мұндай баға 2021 жылдың ақпанына дейін сақталды (литріне 151,34 теңге). Наурызда бағасы литріне 158,94 теңгеге дейін күрт өсті және келесі айларда өсуді жалғастырды.
Өңірлер бойынша бір жылда АИ-92 өткен жылдың мамырымен салыстырғанда Оралда 19,6%-ға қымбаттаған. Осы жылдың сәуірімен салыстырғанда бір ай ішінде Ақтөбеде айтарлықтай өсім байқалды – 5,1%-ға.
Ең қымбат жанармай – Көкшетау мен Петропавлда. Бұл қалаларда АИ-92 литрінің бағасы 180 теңгеден асты.
Ең арзан жанар-жағар май – Ақтөбеде. Бұл өңiрде баға литріне 165 теңге.