Қазақстанда автокөлікке утиль алымының мөлшерi 50%-ға азайды – Скляр

23 февраля 2022 года

Авто және ауыл шаруашылық техникасына утиль алымы 50%-ға төмендетіледі. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

"Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында ол әзірге мұндай көрсеткіштер болатынын жеткізді. Бұдан әрі шешім қабылдау уақыт еншісінде деді Роман Скляр. Алымның жаңа мөлшерi наурыз айынан бастап өз күшіне енеді.

Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрлеріне утиль алымын 50%-ға төмендетуден басқа, Скляр "Жасыл Даму" қорына жинақталған қаражаттың 100 млрд теңгесі отандық автокөліктерді сатып алу үшін жеңілдікті автонесиелеуге берілетінін хабарлады. Бастапқы жарна нөлдік есеппен, 4% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға беріледі.

"Арзан автомобильдер сегменті. Осылайша, 71 мың азамат жаңа көлік сатып ала алады", - деп түсіндірді Скляр.

Оның айтуынша, тағы 30 млрд теңге автобус паркін жаңартуға бағытталады.

Бұрын жеңіл автокөліктерге утиль алымының ең аз мөлшері 459,4 мың теңгеден басталған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, экология министрі Серікқали Брекешев жақын арада утиль алымының жаңа ставкаларын бекітуге уәде берді. Ол сондай-ақ, кейбір позицияларға көтерілу мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, кабельдік-өткізгіш өнімдер бойынша шешім қабылданды: утиль алымының мөлшерлемесі нөлге тең.

Өз кезегінде премьер-министр Әлихан Смайылов автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемелері айтарлықтай азаю жағына қарай қайта қаралып жатқанын атап өтті.

Автонесиелеудiң жеңілдетілген бағдарламасының жаңартылған түрі бойынша Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде LS-ке-жобаның егжей-тегжейiн айтқан болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.