Қазақстанда $77 млн-ға жаңа жоба күтiлуде

Жаңа кешен құрылысы басталып кеттi

30 декабря 2021 года

Алматы облысында $77 млн-ға жаңа жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы LS-ке ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарлады.

"Береке" индустриялық аймағында сублимациялық зауыт, жеміс сақтау қоймасы және жылыжай комбинаты ашылады. Жобаның жалпы құны – $77 млн.

Ақпаратқа сәйкес, жұмысты жобалау және жобалау – іздестіру жұмыстарына қазірдің өзінде ақша инвестицияланды.  Сондай-ақ, арнайы жұмыс тобы құрылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары басталып та кетті.

Жаңа өндірісті 2022 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Зауытта жылына 25 мың тонна сублимациялық өнім шығарылатын болады, жеміс қоймасының қуаты 15 мың тоннаны құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, түрік инвесторы Қазақстанда жеміс-жидек өндіру және қайта өңдеу жобасын жүзеге асыруға ниетті. Атап айтқанда, 5 мың га алаңда 8 млн-нан астам жеміс ағашын отырғызу күтілуде, жоба бес жыл ішінде бірнеше кезеңмен iске асырылады.

Бұған дейін, LS редакциясы Шымкентте жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу өндірісінiң icке қосылуы жайында хабарлаған едi. Жаңа нысандар "Бозарық"тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағында пайда болады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.