Қазақстанда қымбат жанар-жағармай шығынының орнын толтыру ұсынылды

12 апреля 2023 года

Қазақстанда жанар-жағармайдың (ЖЖМ) қымбаттауына байланысты халыққа өтемақы төлемдерін енгізу ұсынылды, деп хабарлайды LS.

Мәжіліс депутаты Асқар Садықовтың айтуынша, үкімет отын бағасын көтеру мәселесіне құн тізбегіндегі бағаның өсуін есептемей-ақ жартылай қарады. Себебі мұның салдары алдымен коммуналдық қызметтерге тарифтерінің, ауыл шаруашылығы өнімдері мен халық үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларының өсуіне әкеледі.

"Мұндай тәсілмен ЖЖМ бағасының өсуі халықтың аз қамтылған топтарына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шағын және орта бизнеске ауыр тиеді. Осыған байланысты халықтың аз қамтылған топтарын қорғау жөніндегі шаралармен отынның қымбаттауы туралы шешімді толықтыру, атап айтқанда, шығыстарға (коммуналдық қызметтер, көлік) өтемақы атаулы төлемдерін енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес және агроөнер-кәсіптік кешен арасынан халық үшін әлеуметтік маңызы бар тауарларды (азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек және аяқ киім) өндірушілер үшін жанар-жағармайдың қымбаттауына (энергия мен көлік шығындарына) байланысты тіркелген тарифтерді енгізу мәселесін пысықтау қажет", - деді ол.

Сонымен қатар, депутат мұнай-газ саласындағы делдал фирмаларды анықтау және жою бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.

"Нарықта сұранысқа ие емес мұнай өңдеу өнімдері (нафта, пеш және кеме отыны) үшін экспортқа тыйым салуды алып тастау туралы мәселені қарауды сұраймыз", - деп жалғастырды ол.

Садықовтың пікірінше, ЖЖМ баға белгілеу құрылымы жеке мәселе болып табылады. Мысалы Ресейде бір литр бензиндегі шикізаттың құны 12%, ал 69% – салықтар мен акциздерге тиесілі.

"Әдетте жанар жағармайдың ақшасы бюджетке түседі", - деп түсіндірді мәжілісмен.

Оның деректері бойынша, Қазақстанда бензин бағасындағы шикізат құны – 58%, ал алымдар – 15%.

"Бізде бағаның жоғарылауынан мұнай компаниялары мен делдалдар ұтады. Бұл бақылаушы органдарға қатысты мәселе", - деп түйіндеді депутат.

Бұған дейін, LS редакциясы жанар-жағармайдың қымбаттауы азық-түлік құнына қалай әсер ететіні туралы жазған болатын. Естеріңізге сала кетейік, 12 сәуірде елімізде АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағаларын литріне 205 теңгеге дейін 11%-ға, ал дизель отыны литріне 295 теңгеге дейін 20%-ға көтеру жоспарлануда.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.