Қазақстанда қол астындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін министрлерді жазалайтын болады

Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойды

28 ноября 2019 года

Қазақстандық министрлер жемқорлыққа жол берген қоластындағылары үшін жауапты болмақ, деп хабарлайды LS тілшісі.

Ақорданың ақпараты бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Оның құрамына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары өздеріне бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жауапты екені туралы тармақ кіреді. Жаза тәртіптік  жауаптылық түрінде болады.

Сенат бекіткен өзгерістерге сәйкес аталмыш заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін ҚР заңдарына сәйкес мынадай жағдайлар жиынтығы болған кезде тәртіптік жауаптылықта болады:

1) Қол астындағылар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың арасындағы алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамаудағы туралы байланыс анықталса;

2) "Қарамағындағыларға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген сот актісі немесе сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық іс қудалау органы немесе сот 35-баптың 1 бөлімінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының негізінде тоқтатқан; немесе қылмыстық іс жүргізу кодексінің 36-бабында көзделген", - делінген құжатта.

Ал бюджеттік бұзушылықтар үшін қызмет басшыларына жаза қолдану 2019 жылдың сәуір айында ұсынылған болатын. Ол кезде мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин жазаны күшейтуді талап етті. Ал министрлер мұндай жағдайға тап болмау үшін Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа тұрақтылығын тексеруді бастамақ.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.