Қазақстанда қандай қызметкерлер сұранысқа ие болмақ

Кейбір мамандықтарға сұраныс төмендейді

14 сентября 2021 года
    

Қазақстанда біліктілігі жоқ жұмысшылар ең көп сұранысқа ие болып қалады, деп хабарлайды LS.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының (ЕРДО) болжамына сәйкес, биылғы жылдың II тоқсанынан бастап 2022 жылдың I тоқсанына дейін электрондық еңбек биржасының сценарийіне сай (базалық – 1,1 мың) 920 мыңнан 1,2 млн-ға дейін бос жұмыс орнын орналастыру күтілуде. Бұл ретте бос жұмыс орындарының саны жұмыс күшіне деген нақты сұраныстан асып кетуі мүмкін.

Біліктілігі жоқ жұмысшыларға үлкен сұраныс күтілуде – 253 мыңнан 386 мыңға дейін бос жұмыс орны. Одан кейін кәсіби мамандар (174,5 мыңнан 237,1 мыңға дейін). Электрондық еңбек биржасында (ЭБТ) жарияланған ұсыныстардың ең азы фермерлер мен ауыл және орман шаруашылығы, балық шаруашылығы жұмысшылары үшін күтілуде: пессимистік сценарийде 6 мың бос жұмыс орны, базалық сценарийде 7 мың, оптимистік сценарийде 11 мың.

Дереккөз: ЕРДО

Бос жұмыс орындарының ең көбі Қостанай, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Алматыда күтілуде.

Кадрларға қажеттіліктің орта мерзімді болжамына сәйкес базалық сценарийде 2021-2025 жылдары жалдамалы еңбекке қосымша сұраныс жиынтықты 1 млн адамды құрайды.

Жұмыс күшінің саны ағымдағы 9,2 млн адамнан 2025 жылы 9,3-9,4 млн адамға дейін өседі. Яғни, жұмыс күшінің өсімі сценарийге байланысты 85 мың – 228 мың адамды құрайды. Сонымен қатар, жалдамалы еңбекке сұраныстың өсуі бес жыл ішінде 329 мың – 713 мың адамға жетеді, бұл ұсыныстан әлдеқайда көп.

"Алайда, жұмыс күшін ұсыну бөлігіндегі тұрақтылық оның құрамынан қартайған өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың шығуы есебінен теңгеріледі деген негіз бар. Бұдан басқа, демографиялық шұңқырдың өтуіне қарай алдағы жылдары экономикалық белсенді жастар санының өсу қарқыны жеделдетіледі деп күтілуде, олар 2026 жылға қарай 2016-2020 жылдардың көрсеткіштерінен асып түседі", – деп атап өтті ЕРДО-да.

Сонымен қатар, базалық сценарийге сәйкес 2021-2025 жылдары жалдамалы жұмысшыларға ең көп жиынтық қажеттілік білім беру (191,9 мың адам), өңдеу өнеркәсібі (105,6 мың адам) және ауыл шаруашылығы (87,4 мың адам) салаларында болады. Қажеттілігі жоғары топтардың қатарына жылжымалы жабдықтың жүргізушілері мен операторлары (96,5 мың адам), күзет қызметінің қызметкерлері (66,8 мың адам), бизнес және әкімшілендіру саласындағы кәсіпқой мамандар (66,2 мың адам), жеке қызмет көрсету саласының қызметкерлері (53,2 мың адам) кіреді.

Жалдамалы жұмысшыларға ең аз қажеттілік "жеке тұтыну үшін өнім өндіретін ауыл шаруашылығы фермерлері" сияқты топтарда күтіледі және 2021-2025 жылдар аралығында 15 адамды құрайды. Сондай-ақ, ең аз қажеттіліктегі кіші топтардың бестігіне "әкімшілік ету саласындағы басқа да қызметкерлер" –232 адам, "аңшылар мен орман және балық өнімдерін өндіретін жұмысшылар" – 530 адам, "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы техник мамандар" – 1 988 адам және "фастфуд және біліктілігі төмен қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерін дайындаушылар" – 2 057 адам кірді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.