Астаналықтар электр қуатын көбірек тұтына бастады

19 ноября 2024 года

Астанада уақытты бір сағатқа ауыстырғаннан кейін электр энергиясын тұтыну көлемі өсті. Бұл туралы LS-ке елордалық энергетика басқармасында хабарлады.

LS редакциясының сұрауына жауап ретінде ведомствоның ұсынылған ақпаратына сәйкес, қалада энергияны  кешкі мезгілде максималды тұтыну өсті.

"Уақыт белдеуін ауыстыру қала жүктемесін тұтынудың 1-2%- ға өсуіне әкелді. Бірақ бұл осы саладағы апаттарға әсер еткен жоқ", – деп нақтылады басқармада.

Жыл сайын елордада осы қызметке сұраныс 7-10%- ға өседі. Егер 2022 жылы 785 МВт пайдаланылса, 2023 жылы – 850 МВт, 2024 жылы – 900 МВт.

Сонымен қатар, жыл басынан бері Астанада 100-ге жуық электр энергиясынан қысқа мерзімді ажыратулар тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары.

"Электр желілеріндегі ақаулар ауа-райының қолайсыздығына және сымдарға бөгде заттардың түсуіне байланысты орын алды. Сондай-ақ, тиісті ұсталмайтын жеке және иесіз қалған желілерде", – деп түсіндірді ведомствода.

Басқармада технологиялық бұзушылықтар әрдайым кәсіпорындар мен қала экономикасына әсер ететін жабдықтаудағы үзіліске әкелетінін түсіндірді. Осыған ретте жыл сайын электр желілері қайта жөнделіп, жабдықтар паркі жаңартылады. Ал инвестициялар көлемі жарық тарифіне байланысты.

Өз кезегінде "Алатау Жарық Компаниясы" (Алматы) LS-ке уақытты бір сағатқа артқа ауыстыру электр энергетикасы саласындағы тұтынуға және жүктеменің өсуіне іс жүзінде әсер етпейтінін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын.

Энергетика министрлігінде сағаттың ауысуы елдегі электр энергиясын тұтынуға әсер етпегенін атап өтті.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.