Әкімшілік ресурс іске қосылды

20 апреля 2011 года
Қазақстандағы тауар нарығын мөлдір етуге шақырған Әкімшілік ресурс толық күшіне енді. 6 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» №375 Үкімет қаулысына қол қойды. Құжат ресми басылымдарда 14 сәуір күні жарияланды және 25 сәуірден бастап күшіне енді. Бекітілген тізімде 12 ұстаным , соның ішінде бидай, көмір, соя бұршаққаптары, арпа, қант, мақта талшықтары, цемент, газ тәріздес көмірсутегілер көрсетілген . Биржа арқылы өткізілетін тауарлар партияларының ең аз мөлшері 60 тоннадан 3000 тоннаға дейін. Бидай мен арпа бойынша 600 тоннаны құрайды. LS Экономикалық даму және сауда министрлігінің (ЭДСМ) сауда комитетінде сұрап білгендей, міндетті түрде биржа арқылы өту мемлекеттік бидай мен арпаға қолданылмайды, коммуналдық заңды тұлғалардың көмірді сатып алу үшін мәміле 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Комитет «астықты мемлекеттік ресурстарға сатып алу биржадан тыс жүзеге асады », – деп атап өтті. 2009 жылы қарашада күшіне енген « Тауар биржалары туралы» заңның 15 бабына сәйкес, биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлармен тауар биржаларынан тыс жасалған мәмілелер « мүдделі адамдардың, уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылады» деп көрсетілгенін LS еске салады. Және де Үкімет осындай биржалық тауарлар тізбесін бекітеді. Былтырғы жылдың күзінде бұл құжат премьер-министр кеңсесіне келіп түсті, алайда ол түзету үшін мүдделі мекемелерге қайтарылды. Қаулы нұсқасының бас жасаушысы ЭДСМ болды. LS «Қазақстан фермерлер Одағы» басшысының орынбасары Ақжол Әбдуләкімовпен байланысқан еді. «Мен қаулы шыққанынан хабардар емеспін. Мен үшін бұл жаңалық», – деді ол. Оның айтуынша, фермерлер туралы заңға «кемінде 1000 га» егістік жері бары фермерлер ілугуі мүмкін. «Талап орташа фермерлерге және ірі астық компанияларға таралады. Ұсақ фермерлер заңға ілінбейді», – деп есептейді А. Әбдуләкімов. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» коммерциялық қызметінің өкілі жаңа енгізілімге өзінің күмәнді көзқарасын білдірді. « Келісім шарт жасалған астықты биржа арқылы «қуып шығуға» тура келеді. Бұл қазақстандағы шынайы биржа саудасының дамуына әсер етеді дегенге күмәнім бар», – деп атап өтті. ЭДСМ сауда комитетінің мәліметтері бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда тауарлық биржа ісіне 5 ұйым лицензияға ие: «Астана» Әмбебап тауар биржасы» АҚ, «Қазақстан тауар биржасы» АҚ» (екеуі де Астанада орналасқан), «Қазақстан Халықаралық тауар биржасы» (Орал), «Жамбыл тауар биржасы» ЖШС (Тараз) және «ЕТС тауар биржасы» (Алматы). Үкіметтің осыған ұқсас қаулысы Қазақстанда өткен ғасырдың 90-жылдары бірнеше ай жұмыс істегенін LS еске салады. Ол нарық қатысушылары тарапынан сынға ұшырағаннан кейін кері қайтарылды, өйткені, биржалар биржадан тыс жасалған келісімшарттарды тіркеу үшін ақша алып отырды.
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.