БТА «БОС ҚҰДЫҚ ПА?»

3 марта 2011 года
БТА банкіне пайданы біріктіруге қандай кедергі бар? Егер Альянс банкпен мәміле жасалса Еуропа қайта құру және даму банкі қанша акция пакетін сатып ала алады? Осы және басқа да сұрақтарға LS-ке Fitch Ratings-тің қаржы ұйымдары бойынша директоры Максим МИЛЛЕР жауап береді. - Максим, кейбір қазақстандық БАҚ-тарда БТА банктің үлкен көлемде шығындары бар, іс жүзінде банк банкроттың алдында тұр деген ақпарат жарияланып жүр. Яғни, ақшаны бұған дейін белсенді түрде уыстап алған «бос құдықтан» ертеңгі күні қайыр бола ма? - Әбден сәйкес келетін фраза «құрғақ құдық». Яғни, банк құрылымдық жағынан шығынға толы. Қазіргі таңдағы баланс құрылымы мынадай: БТА таза пайыздық маржаны біріктіре алмайды. Сонымен қатар, банк инвестицияларды іске асыруы, жалақы төлеуі, консультанттарға, аудиторларға ақша төлеуі қажет. Осы жағынан алып қарағанда БТА «құрғақ құдық». Альянс банкте де осыған ұқсас жағдай. Екі жағдайда да бұл баланс құрылымымен және жалпы бизнес құрылымымен байланысты. Бірінші фактор: екі банктің балансында да үлкен көлемде «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының облигациялары бар, ал олар бойынша болмашы пайыз төленеді. Біздің білуімізше, оларды баланстан алып тастау мүмкіндігі жоқ, себебі облигациялар былтырғы жылғы банк пассивтерін қайта құрылымдау туралы келісімнің бір бөлігі. Екінші фактор соңғы екі жылда менеджмент бизнесті дамыту мен проблемалы қарыздармен айналысқаннан гөрі, банк міндеттемелерін қайта құруға және бұрынғы акционерлер мен менеджменттермен сот қаралымдарына көңіл бөлді. Сондықтан да қазір баланста бар кредиттік портфель өте аз нақты пайыздық кірісті біріктіреді. Бұдан басқа, банктің одан әрі даму перспективалары анық емес. Несие бизнесі тұралап тұр. Дәл қазіргі уақытта банк бизнесін дамытуда банк пен менеджерлер командасының қабілетіне пікір айту қиын. Жалпы алғанда, елдегі қолайлы макроэкономикалық жағдайды есепке ала отырып, осы тәріздес банктерде болашақта пайдалы бизнес моделін құруға мүмкіндігі бар деп сенгім келеді, мүмкін бұл үшін қосымша капитал құю немесе күрделі құрылымдық өзгерістер енгізу қажет болар. Алайда қазіргі таңдағы жағдай бойынша банк балансының құрылымы тек шығынды біріктіреді. - Ал Сбербанкке БТАны сатып алудың мәні бар ма? - Менің пікірімше - жоқ. Бұл жердегі бірінші кезектегі мәселе бұл баға мәселесі. БТА-ның несиелік портфель құнының айқын еместігін және оның пайданы біріктіру қабілетін ескере отырып, сырт сатып алушы үшін банктің шынайы бағасы Самұрық-Қазына күткеннен айтарлықтай төмен болуы мүмкін, өйткені ол кемінде банкке өз инвестициясын қайтарғысы келеді. - Еуропалық қайта құру және даму банкінің Альянс банкті сатып алу мүмкіндігін қалай бағалайсыз? - Еуропалық қайта құру және даму банкі банктерде пакет үлесі 25% - дан көп емес халықаралық институт. - Сіз қазақстандық банктер әлемдік шикізат нарығындағы жағдайға тәуелді болып отыр деп айтқан едіңіз … - Шынында да, басты қауіп мұнай бағасы. Қазақстандағы банктердің осал жері мұнайдың бағасының төмендеуі болып отыр. Кері макроэкономикалық жағдайда проблемалық қарыздардың әлдеқайда көбейіп кетуі күтілуде. Тіпті қазіргі өте жоғары деңгеймен салыстырғанның өзінде. Қазіргі макроэкономикалық жағдайды сақтаған жағдайда заемшылар артып келе жатқан пайданың есебінен өздері өздерін қайта қаржымен толықтыруы арқылы қарыздан шығуы мүмкін деген сенім бар. Бұл қазіргі жағдайдағы негізгі болжам. Егер бұл жүзеге аспаған жағдайда мен іс жүзінде барлық қазақстандық банктер мен корпоративтік секторда қайта қаржыландырудың тағы бір кезеңін өткізуді ұсынар едім. Мүмкін портфелдің жартысын істен шығарып немесе макроэкономикалық жағдайдың жақсаруын күту керек болатын шығар.
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.