АЛЛО, КҮТЕ ТҰРЫҢЫЗ!

27 апреля 2011 года
Қазақстан қоғамында республикадағы ұялы байланыс арзандауы қажет, ал 3G және 4G форматындағы жаңа қызмет тұтынушыларға тезірек қолжетімді болуы тиіс деген пікір мықтап бекіген. Бұл тұтынушы мүддесін қорғау мәселесінде реттеуші белсенділігінің артуымен, сонымен қатар Қазақстанға атақты дискаунтер, скандинавиялық телекоммуникация операторы Tele2-нің келуімен күшеюде. Таяу арада телеком секторынан нені күтуге болатыны жөнінде Ақпарат және байланыс министрі Асқар Жұмағалиев LS- ке берген сұхбатында айтып берді. - Бұрын бір операторлардың Қазақстан нарығына шығуға қызығушылық білдіргені жөнінде айтқан болатынсыз. Олардың нақты кім екенін айта аласыз ба? - Мен бұл жөнінде айтқан емеспін, себебі қазіргі таңда жиілік ресурсы шектеулі, сондықтан да жаңа оператордың шығуында қиыншылықтар бар. Жалпы, менің ойымша, қазіргі операторлар саны (4) жеткілікті, бәсекелестікке мүмкіндік бар. Бұйрыққа сәйкес, біз 1 ақпаннан бастап тарифтерді төмендеткенімізді Сіз білесіз бе? Менің білуімше, операторлар мұнымен тоқталайын деп тұрған жоқ, керісінше бір-бірімен тариф және баға ұсыныстары бойынша бәсекелеспекші. - Олар бағаның төмендеуі 2012 жылы болады деп мәлімдеуде? - NEO-ның мәлімдегенін мен естідім, сіз де сол туралы айтып тұрған боларсыз. Менің білуімше, K-Cell мұндай тарифтік саясаттың одан ары алға басуына сенімділігін білдіреді, және K-Mobile [Beeline] да қалыспайды. Ал «Алтел» тұрғысынан қарасақ, оның қазірдің өзінде айтарлықтай жақсы тарифтер қызметін ұсынып отырғанын айтқым келеді. Қазіргі таңда әрбір азаматтың өзіне қажет оператор таңдау мүмкіндігі бар. - Beeline және қазір Tele2 Ресей Федерациясындағыдай аймақтық тарифтік жоспарларды ұсынуда. Сіз бұған қалай қарайсыз? Қазақстандықтар елдің кез-келген түкпіріне бір бағамен қоңырау шалуға үйреніп қалған емес пе? - Бұл, негізінен олардың тариф бойынша қимыл жасауы өз құқықтары болып табылады. Жалпы, бұл заңға қайшы келмейді. Онда тұрған ештеңе жоқ. - Іс жүзінде бұл Activтің аймақтық тарифтер ұсынуына әкеліп отыр… - Бұл туралы заң тұрғысынан қарастырамыз. - Онлайн-режимде абоненттер саны мен таралу аймағы туралы мәліметтерді жариялауды қарастырып жатырсыздар ма? - Заң бойынша, ұялы операторлар өз мәліметтерін Статистика Агенттігіне береді, және менің білуімше Статистика Агенттігі өзінде бар барлық ақпаратты сайтта жариялап отырады. - Бірақ онда тек абоненттер саны көрсетілген… - Ия, онда телефон жиілігінің 18 % дық барьерінен асатын ұялы абоненттердің жалпы саны бар. Олар мұндай ақпаратты онлайнда тұрақты жаңартып тұруға дайын ба, сол туралы ұялы операторлардың жақын арадағы жиналысының бірінде кеңесіп көрелік. Біз мұндай ақпаратты көріп отырамыз. Егер олар қарсы болмаса, сайттарда қызықты “фишкалар” ойлап тауып, біздің сайтта да ұялы операторларды ұйымдастырамыз. - Қазақстандықтар 4G/ LTE-ні қашан қолдана бастайды ? - Біз қазір диапазонды белгілеу үшін жиілік мәселесін талқылаудамыз. Біз Қорғаныс министрлігімен және Көлік және коммуникация министрлігімен осы келіссөздерді бекітеміз деген үміттеміз… - Биыл бола ма? - Біз бекіткен шаралар жоспарына сәйкес. Рахмет (ол үкіметтік Mercedesіне отырып жатып жымиды). LS Анықтамасы: AC&M Consulting мәліметтері бойынша, 2011 жылдың 28 ақпанында Vimpelcom (КаР-Тел, бренд Beeline) Қазақстанда 6 889 878 белсенді абоненттерге (белсенді SIM-карталар), Tele2 – 400 000 абоненттерге ие болған. TeliaSonera сайтының мәліметтері бойынша, (Activ, Vegaline брендтері бар GSM Kazakhstanды бақылайды), ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында оператор абоненттері саны 9 миллионнан асқан.
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.