Алматыда 2030 жылға дейін қандай үйлер сүріледі

сегодня

Қазақстанда 1,4 мыңнан астам ескі көпқабатты тұрғын үйді жаңарту қажет. Бұл туралы LS-ке "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы хабарлады. Сонымен қатар, әр аудандағы және тектоникалық жарықтардың бойында орналасқан үйлер саны нақтыланды.

Алматының 2030 жылға дейінгі тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасына 1930–1980 жылдары салынған екі қабатқа дейінгі тозығы жеткен және апатты көппәтерлі үйлер енгізілді. Бұдан бөлек, кешенді қайта жоспарлау мен инженерлік инфрақұрылымды жаңартуды қажет ететін жеке тұрғын үйлер, өндірістік, коммерциялық, қоғамдық және өзге де нысандар қамтылған.  

Қалада реновациялауды қажет ететін 1 403 ескі тұрғын үй бар. Оның ішінде: 

* Жетісу ауданында- 141 үй;
* Әуезов ауданында- 65 үй;
* Түрксіб ауданында- 585 үй;
* Медеу ауданында- 82 үй;
* Алмалы ауданында- 135 үй;
* Бостандық ауданында- 269 үй;
* Алатау ауданында- 102 үй;
* Наурызбай ауданында- 24 үй.

Сейсмикалық қауіпті аумақтар

 Тектоникалық жарықтардың бойында 734 пәтері бар 71 тұрғын үй орналасқан. Атап айтқанда:  

* Алатау ауданында-  бір үй (9 пәтер);
* Алмалы ауданында- жеті үй (65 пәтер);
* Әуезов ауданында- бір үй (8 пәтер);
* Бостандық ауданында- 39 үй (410 пәтер);
* Жетісу ауданында- 10 үй (106 пәтер);
* Медеу ауданында- 13 үй (136 пәтер). 

Үй иелеріне не ұсынылады? 

Бағдарлама талаптарына сай, тұрғындар техникалық паспорттағы мәліметтер негізінде "бөлме орнына бөлме" қағидатымен көшіру қорындағы тұрғын үйге қоныстандырылады. Бұл кезде пәтерде тіркелген немесе тұратын адамдар саны назарға алынбайды. 

Берілетін баспана меншік құқығымен рәсімделеді және уақытша тұрғын үй мәртебесіне ие болмайды. 

Ал ұсынылған көшу шарттарымен келіспеген меншік иесі ескі үйде тұра алады. Алайда бұл жағдайда тұрғын үйді одан әрі пайдалануға қатысты барлық жауапкершілік пен тәуекел оның өзіне жүктеледі. 

Биылғы жоспар 

2026 жылы жол картасы аясында 1 165 ескі пәтердің меншік иесін заманауи әрі жайлы тұрғын үйлерге көшіру жоспарланған. 

Бұған дейін, LS редакциясы сүрілетін үйлердің иелеріне қандай өтемақы мен тұрғын үй ұсынылатыны туралы жазған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.