Абай облысында аяқ киім фабрикасы ашылады

15 апреля 2026 года

Абай облысында ресейлік инвесторлардың қатысуымен аяқ киім фабрикасының құрылысы басталады. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте мәлімдеді.

Кәсіпорын Семей қаласында салынады. Қазіргі уақытта жоба іске асыру сатысында тұр, дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Ресейлік компанияның қатысуымен жүзеге асатын аяқ киім фабрикасының құны шамамен 2 млрд теңгені құрайды.

Кәсіпорында жылына 118 мың жұп аяқ киім шығару жоспарланып отыр. Жобаның іске қосылуы осы өнім бойынша импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етеді деп күтілуде.

"Алдағы уақытта өнімді тек ішкі нарықта ғана емес, сондай-ақ экспортқа шығару мүмкіндігі де қарастырылуда", – делінген берілген жауапта.

Қазіргі уақытта жобаны іске асыруға кедергі келтіретін елеулі жүйелі мәселелер анықталған жоқ. Барлық жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Алдын ала мәліметке сәйкес, фабриканы келесі жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жоба аясында 160 жаңа жұмыс орны ашылады.

Бұған дейін, LS редакциясы өңірде жалпы құны 1,5 трлн теңгені құрайтын ірі жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, Қытайлық компаниялар төрт жобаны жүзеге асыруға қатысады деп күтілуде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.