Қазақстандықтар ең маңызды нәрселерге үнемдей бастаған

Азаматтар елдің қаржылық жағдайына алаңдайды

20 сентября 2017 года

Қазақстандықтардың жартысынан көбі киімге үнемдейді. LS-ке бұл туралы Nielsen Kazakhstan тұтынушылықты зерттеу бағытының жетекшісі Виктория Плотницкая Central Asia Fashion Autumn-2017 шарасында хабарлады.

Оның сөзінше, алда сатып алушылардың 16 пайызы тауардың осы түріне жұмсайтын қаржысын қысқарта береді.

"Бұл - ретейлдердің, яғни алып-сатарларың тұтынушылары азаяды деген сөз. Оның үстіне, қазір сатып алушылардың 40 пайызы көбіне арзан брендтердің киімін алатын болған. Оларға тағы барлық тұтынушылардың 16 пайызы қосылады деп болжап отырмыз. Халықтың 45 пайызы техниканы жаңартпағанына көп болған. Оның ішінде ұялы телефондар да бар. Осыған кіретіндердің 15 пайызы ары қарай да үнемдей беруге ниетті. Газ бен электр тоғын халықтың 33 пайызы үнемдейді, 22 пайызы ары қарай да аз-аздан тұтынуға бекінген. Барлығына тиімділік тұрғысынан қарау қазақстандықтардың әдетіне айналып кетті", - дейді Плотницкая.

Маман ел азаматтырының қаржылық тұрақтылық туралы алаңдайтынын жеткізді. Олардың компаниясы жүргізген деректерге сәйкес, халықтың 29 пайызы "2017 жылдың 2-жартысында азық-түлік қымбаттай ма" деп алаңдайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 28 пайыз болған. Жұмысқа орналасуға қатысты алаңдаушылық та 2016 жылғы 18 пайыздық шамадан бұл жылы 19 пайызға өскен. Сонымен қатар халықтың өз денсаулығы мен коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне қатысты уайымы 14-16 пайыздан 19 пайызға артқан. Ал қазақстандықтардың 28 пайызы ғана өз жұмысы мен еңбекке нарығында оң өзгерістер болатынына сенеді.

Плотницкаяның хабарлауынша, қазір сауда-саттық жасауға ыңғайлы уақыт екеніне сенетіндердің саны 21 пайызға дейін азайып кеткен. Ал 43 пайызының жеке қаржылық жағдайына деген сенімділігі нығая түскен.

Сонымен қатар, Қазақстанда сатып алу қабілетінің индексі 200-дің 79-ына тең. Оның 97 пайызын Z буыны (15-20 жас аралығындағылар) құрайды, 81 пайызы миллениалдардан (21-34 жастағылар), 67 пайыз Х буынынан (34-49 жас) тұрады. Дегенмен бұл көрсеткіш Ресей (70 балл), Украина (57 балл) және Беларусь (63 балл) сияқты елдердікімен салыстырғанда алда тұр. Спикердің сөзінде, біздің көрсеткіш Еуропа елдерінің орта деңгейімен шамалас.

"Қазақстандық миллениалдардың болжам жасағанда шындыққа біршама тура қарайды. Олардың 24 пайызы ғана қазір ақша жаратуға тиімді уақыт деп есептейді. 44 пайызы өз қаржысына сенеді, 28 пайызы қызметіне сенімді", - дейді Плотницкая.

Оның айтуынша, қазақстандық неғұрлым жас болған сайын, ақшаны да соғырлым көп жұмсауға бейіл келеді.

1456987456325412

Одан бөлек күн сайынғы сауда-саттықта арнаулы ұсыныстар мен түрлі жеңілдіктерге көбіне 35-39 жас пен 50-65 жас аралығындағылар мән береді - 77%. Ең аз көңіл аударатындар 18-34 жастағылар – 69%. 40-49 жастағы қазақстандықтар мұндай ұсыныстарға 73% жағдайда мән беріп жатады.

"Жастардың жаңа заттар алуға құмар екенін, ал үлкендер әбден тексерілген, сенімнен шыққан тауарларды тұтынатынын да айта кету керек", - дейді Плотницкая.

Маманның айтуынша, қазіргі жағдайда алып-сатарлар сатып алушының не көргісі келетініне мән беруі тиіс. Адамдар көбіне көп таңдау болғанын қалайды, ыңғайлы көлік жайды және достармен кездесуге болатын жерді іздейді. Сондай-ақ адамдар көбіне балаларға арналған ыңғайлы алаңқай мен имиджді атрибуттар бар жерлерді таңдайды. Сарапшының сөзінше, соңғы уақытта e-commerce, яғни тұтынушының үйден шықпай сауда істеуі көбейіп жатыр. 

"Электронды коммерцияда бірінші орында – киім (55%), тізімді саяхаттау (52%), электроника (40%) және және тамақ (34%) жалғастырады. Осыны ескеріп тұтынушыны ыңғайлы веб-сайттар, түрлі акциялар, қолданушылардың берген бағасы мен әлеуметтік желідегі жарнама арқылы сатып алуға ынталандыру керек. Мәселен, сізге кіргенде өлшеміңіз бен талғамыңызға қатысты анкета толтыруыңызды сұрайтын сервис бар. Сосын сіз кейін бір тауар алғанда сонымен үйлесетін басқа да заттарды ұсынады. Тауар қалаңызға келгенде сол заттардың барлығын киіп, ұнағанын алып, ұнамағанын үш күн ішінде қайтарып жіберуге болады. Тұтынушыны осыны күтеді, себебі киіп көрмей жатып сатып ала салу қиын", - дейді Плотницкая.

Айтуынша, қазір қазақстандықтарды құр жеңілдіктермен алдаусырату мүмкін емес. Сондықтан, - дейді маман, - әлеуметтік желідегі жарнама я жақсы қызмет көрсету арқылы барынша тартуға тырысу керек.

"Тұтынушыңыз не қалайтынын біліңіз және оған соны беріңіз", - деп кеңес берді ол.

Ол Қазақстанда 2017 жылдың 1-жартысында экономика 4,5 пайызға өскенін айтты. Жыл соңына дейінгі өсім 3-3,5 пайыз болады деп жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ретейлерлер қауымдастығының президенті Василий Горевой елде арзан тауарларға сұраныс арта бастағанын хабарлап еді. Одан бөлек, Nielsen Kazakhstan компаниясының бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Георгий Карамышев "тауар мен қызмет ақысының құны күрт өспейді" деген болатын. Айтуынша, баға ақырын өзгеріп отырады.

"Қазіргі курста девальвация болмайды. Қазақстанның шынайы экономикасында бәрі жақсы. Ел екі жолмен экспорт шығара алады: бірі – мұнай, екіншісі тамақ сату. Негізінде екі бағытта ел ілгерілеп келеді. Осының әсерінен инвесторлардың қызығушылығы артады, ал бұл азаматтардың төлем қабілетінің артуына алып келеді. Негізгі мәселе – қазақстандықтарға ақша жаратуға көндіру", - дейді спикер.

Сұрақтарымызға жауап берген Unix Co. Ltd Tassay-дың маркетинг бойынша директоры Антон Сим қазір промоакциялар кешбэктердің орнын басып жатқанын айтты. Ол "қазір тұтынушылар өздеріне ерекше қарағанды ұнатады" дейді.

"Бағаны да ұмытпаған жөн. Әрі қызметкерлердің жұмысы мен басқа да  себептерге байланысты маржиналдылық, яғни шектеулілік жоғары екенін де есте ұстау керек. Болашақта бұл мәселе автоматизация есебінен шешіледі", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін LS қазақстандықтардың тамаққа жұмсайтын шығын 7 пайызға артқанын хабарлаған. Одан бөлек, жыл басынан бері халықтың таза табысы азайып, тауарлар құны артқанын да жазған едік.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.