5 қаңтардан бастап қазақстандықтарды жаңа шектеулер күтiп тұр

Соңғы екі аптада Қазақстанда коронавирус ауруы 32%-ға төмендеді

28 декабря 2021 года

5 қаңтардан бастап СОО-ға, "Қазпошта" бөлімшелеріне, ХҚКО-ларға, фитнес-орталықтарына, сауналарға және басқа да ұйымдарға кіруге Ashyq қосымшасында жасыл мәртебе бойынша ғана рұқсат етіледі, деп хабарлайды LS.

"Сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда желілеріне, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға, караоке, бассейндер, сауналар, моншалар, банктер, "Қазпошта" бөлімшелері, ХҚКО-ға Ashyq қосымшасы бойынша жасыл мәртебесі бар тұлғаларға ғана кіруге рұқсат беру ұсынылады. Аталған қосымша норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынамыз", - деді денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев.

Ол жалпы соңғы екі аптада Қазақстанда сырқаттанушылық 32%-ға төмендегенін айтты. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Күн сайын орташа есеппен оң ПТР-тестімен коронавирустық инфекцияның 500-ге дейін жағдайы және теріс ПТР-тестімен 50-ге дейін факт тіркеледі.

Бұл ретте, эпиджағдайды бағалау матрицасына сәйкес, бүгінгі күні 15 өңір жасыл аймақта, екеуі- сары аймақта (Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан), қызыл аймақта ешбiр өңір жоқ.

Республикада халықты вакциналау жалғасуда. Бүгінгі күні ересек тұрғындарды бірінші компонентпен қамту 78,6%-ды, екінші компонентпен – 74,4% -ды құрады.

"Әлемде сырқаттанушылықтың өсуін және "омикрон" штаммы нұсқасының кең таралуын ескере отырып, халықты вакцинациялау қарқынын арттыру қажет. Оның тиімділігі дәлелденді. Сонымен, жағдайлардың 95% вакцинацияланбағандарға келеді. Өкпенің жасанды желдеткішіндегі науқастардың 96% вакцина алмаған. ДДҰ болжамы бойынша, "омикрон" штаммымен ауыру бірнеше ай бойы бүкіл әлемге таралады. Барлық рұқсат етілген вакциналар оған қарсы тиімділікті көрсетті", - деп нақтылады Бүркітбаев.

Сонымен қатар, бірқатар шетелдік зерттеулердің нәтижелері бойынша вакцинацияланған адамдарда инфекциядан қорғау алты айдан кейін орташа есеппен 1,8 есе төмендейді, деп қосты ол. Қазіргі уақытта ревакцинацияға 9,2 млн адам жатады, оның 400 мыңнан астамы ревакцинацияланған.

"Ревакцинация үшін вакцинаның жеткілікті мөлшері бар. 2022 жылдың желтоқсанынан І тоқсанына дейін вакцинаның 5 млн дозасын жеткізу жоспарлануда. Вакцинация қарқынын арттыру, халықты жаппай қайта вакцинациялау, сондай- ақ эпидемияға қарсы ұсынылған шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына жол бермейді", - деп түйіндеді денсаулық сақтау министрлігінің уақытша басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, елордада жұмыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтары тек жасыл мәртебесі бар азаматтар мен қызметкерлерге ғана қолжетімді болады. Сондай-ақ, Қазақстанда көк мәртебе иелерінің жұмыс күндері СОО-ға баруға тыйым салынуы мүмкін екендігі хабарланды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.