2022 жылғы Қазақстандағы кірістер мен шығыстар. Инфографика

3 декабря 2021 года

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке қол қойды. LS инфографикада келесі жылы қандай кірістер мен шығыстар болатынын талдап көрдi.

Республикалық бюджеттің кірістері 2022 жылы 12,8 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде салықтық түсімдер – 8,9 трлн теңге және салықтық емес түсімдер – 286 млрд теңге. Сондай-ақ, Ұлттық қордан трансферттер – 3,6 трлн теңге.

Сонымен қатар, шығындар 15,6 трлн теңгеге жетті, оның ішінде әлеуметтік көмек пен қамтамасыз етуге – 4,3 трлн теңге, жергілікті бюджеттерге трансферттер – 2,1 трлн теңге, білім беруге – 1,9 трлн теңге, денсаулық сақтауға – 1,8 трлн теңге.

Атап айтқанда, президент әкімшілігіне 2022 жылы 9,2 млрд теңге жұмсалады. Премьер-министрдің кеңсесі өз кезегінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге жұмсалатын шығындар аясында 3,4 млрд теңге алады. Ал үкімет резервіне 105,5 млрд теңге бағытталмақ.

2022 жылы президенттің Іс басқаруына жұмсалатын шығындар 143,7 млрд теңгеге жетті, оның ішінде мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді қамтамасыз етуге – 61,7 млрд теңге және осы ұйымның объектілерін салуға және реконструкциялауға – 50,2 млрд теңге.

Бұдан басқа, 2022 жылы сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз етуге 1,1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Ал 1,2 трлн теңге – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге бағытталады.

Сондай-ақ, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеуге және олардың сапасын жақсартуға 253,1 млрд теңге жұмсалмақ.

Республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін субвенция – трансферттерге келетін болсақ, 2022 жылы Түркістан облысы ең көп алатын болады – 402,3 млрд теңге. ШҚО – 217 млрд теңге, Жамбыл облысы –194,4 млрд теңге астам, Қызылорда облысы –184,3 млрд теңге және Алматы облысы –180,4 млрд теңге.

Осылайша, қазына тапшылығы 2,9 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 3,3%-ын құрайды.

Инфографикада 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы толық ақпарат көрсетілген.

Дереккөз: 2022-2024 жж республикалық бюджет

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Казахстанцы тянутся к наличным: за три года спрос вырос более чем на 20%. Инфографика
сегодня
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Жилье с сюрпризом: что нужно знать при покупке залоговой недвижимости
сегодня
Тенге укрепился: какую поддержку получит валютный рынок от Нацбанка в ноябре
сегодня
Казахстану нужно продолжать делать ставку на нефть – эксперт
сегодня
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
вчера
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
1 ноября 2025 года
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
1 ноября 2025 года
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
1 ноября 2025 года
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
1 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.