ҚҚС бойынша шектеуді төмендету қаншалықты тиімді– пікір

Жаркенов заңға gрезидент қол қоймайтынын болжайды

22 января 2020 года

Ұлттық экономика министрлігінің ҚҚС бойынша шектеуді төмендету ниеті президенттің шағын бизнесті салықтан босату жөніндегі тапсырмасының қарама- қайшы болып табылады. Мұндай пікірді LS тілшісіне өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағы El Tiregi іскерлік кеңесінің мүшесі Тимур Жаркенов білдірді.

Оның пікірінше, мұндай шара Ұлттық экономика министрлігі ҚҚС бойынша шектеуді 30 мыңнан 20 мың АЕК-ке дейін төмендету есебінен үш жылға салық жеңілдіктерін өтеуді жоспарлап отыр.

"Мүмкін, осылайша орта және ірі бизнестен ақша шығарумен күресуге тырысатын шығар, бірақ бұл мәселені микро және шағын бизнес есебінен емес, басқа тәсілмен шешу керек", - деп атап өтті Жаркенов.

Бұл заң жобасын сынай отырып, сарапшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта бизнесті салықтан босату жөніндегі тапсырмасына қайшы келетінін айтты.

"ҚҚС бойынша шектеуді 30 мың АЕК-тен 20 мың АЕК-ке дейін төмендету барлық кәсіпкерлерді алдау және президенттің салықтардан босату жөніндегі тапсырмасын орындамау болып табылады. Жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін микро және шағын бизнес жарты жылда 24 038 АЕК жеңілдетілген режим үшін шекті табысқа, яғни бір жылда- 48 076 АЕК және табыстың 3% немесе алдағы үш жылда 0%- ға бағдарланады. Бірақ табыс 20 мың АЕК- тен асып кетсе, кәсіпкерлер ҚҚС төлеушілер болады және оңайлатылған салық режимінде қалады", - деп толықтырды Жаркенов.

Оның айтуынша, ҚҚС 12%- дан басқа, кәсіпкер толық бухгалтерлік есепті жүргізу, электрондық шот-фактураларды жазып беру, қосымша салықтық есептерді тапсыру және салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау үшін мамандарды жалдауы қажет.

Жаркенов сонымен қатар, кейбір кәсіпкерлердің көлеңке кеткендігі мен ҚҚС төленбегені үшін айыппұлдардың артқандығын жоққа шығармайды.

"Ақылды кәсіпкерлер ҚҚС-ның шегінен аспау үшін көлеңкеде қалады. Қарапайым кәсіпкерлер оңайлатылған декларация бойынша 48 076 АЕК бағдарлап, салық жеңілдіктерін қанағат тұта II жарты жылдықта ҚҚС табалдырығынан асуы мүмкін. Осы кезде де МКК (Мемлекеттік кіріс комитеті- ескерт. LS) және бірде-бір кәсіпкер ҚҚС бойынша шектен асқанын білмейді. Тек келесі жылы наурызда МКК ҚҚС бойынша шектен асып кету туралы хабарлама жібереді, кәсіпкер бір-екі ай ішінде хабарламаға жауап береді, 50 АЕК айыппұл төлеп және ҚҚС бойынша шектен асып кеткен күннен бастап түсім сомасының 15% мөлшерінде айыппұл төлеу қажеттігі туралы біледі. Қазір бір жыл ішінде кәсіпкер 15% көлемінде айыппұл төлеуі тиіс деген норма бар",- деп түсіндірді Жаркенов.

Сондай-ақ, сарапшы керісінше, "Атамекен" ҰКП-ның Ұлттық экономика министрлігінің бастамасына әсер ететін кәсіпкерлердің саны туралы деректерін келтіре отырып, ҚҚС бойынша шектеуді 48 076 АЕК-ке дейін көтеруді ұсынады.

"ҚҚС бойынша осындай торапты ескере отырып, біз жеңілдетілген декларация бойынша шекті табысқа дейін, яғни 48 076 АЕК-ке дейін арттыруды ұсындық. "Атамекен" ҰКП мәліметінше, 2018 жылы 19 мыңға жуық кәсіпкер 20 мың АЕК-тен астам табыс тапты. 2019 жылға мәлімет жоқ, себебі кәсіпкерлер 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына салық есебін әлі тапсырмады. Салық жеңілдіктерінің жарнамасын ескере отырып, онлайн-БКМ мен POS-терминалдарды міндетті түрде қолдану, тауарлар мен қызметтердің бағасын арттыру, 30 мыңға жуық кәсіпкер ҚҚС бойынша табалдырықтан 20 мың АЕК асып кетуі мүмкін", - деп атап өтті Жаркенов.

Сонымен қатар, сарапшы президент бұл заңға қол қоймайды, өйткені құжат микро және шағын бизнес үшін жарияланған салық жеңілдіктеріне қайшы келеді деп есептейді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.