Проблемалық несие мәселесін қалай шешуге болады

9 января 2023 года

Қазақстанда халыққа несие беру көлемі өсуде. LS тілшісі несие мерзімі өткен жағдайда қарыз алушыларға қандай шаралар қолдану керектігін білді.

Проблемалық берешекті реттеу жөніндегі шарттар банктер үшін де, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) үшін де бірдей болып табылады. Мәселен, қарыз алушылар несиені қайта құрылымдау арқылы қалыптасқан жағдайды өз бетінше шеше алады.

Ең алдымен, клиент мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде қаржы ұйымына өтінішпен жүгінуі керек. Құжатта кешіктірудің пайда болу себептерін, қарызды қайта құрылымдау бойынша жеке ұсыныстарды және кірістердің төмендеуін және қарыз бойынша төлемдерді төлей алмайтындығын растайтын материалдарды көрсету маңызды.

Егер қарыз алушы барлық мәліметтерді ұсынбаған болса, ол бұл туралы хабардар етіледі. Содан кейін ол қажетті құжаттарды қосымша тапсыруы керек. Бұл үшін бес жұмыс күні бөлінеді.  

Сонымен бірге, несие беруші қарыз бойынша міндеттеменің орындалмағаны туралы 20 күн ішінде хабарлауға міндетті. Клиентке кешіктірудің нақты мөлшері, олардың банктерге немесе МҚҰ-на жүгіну құқығы, сондай-ақ төлемеген жағдайда салдары туралы хабарлайды.

Өтінішті қарау үшін 15 күн қажет. Қаржы ұйымы қарыз алушының талаптарына келісе алады және несие шартының талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын бере алады. Сондай-ақ, ол себептерін көрсете отырып, бас тартуға құқылы.

Естеріңізге сала кетейік, қайта құрылымдау шарттарына мыналар жатады: сыйақы мөлшерлемесін төмендету, негізгі борыш немесе сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру, өтеу әдісін өзгерту, қарыз мерзімін ұлғайту, борыштық жүктемені азайту (мерзімі өткен негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы және төлемдер мен комиссиялардың өзге де түрлері).

Қарыз алушы ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өз бетінше сатуды немесе кепіл мүлкін несие берушіге беру арқылы төлемді шегеруді ұсынуды немесе міндеттемені сатып алушыға беру арқылы жылжымайтын мүлікті сатуды ұсына алатын опция бар.

Бұл ретте негізгі борышты немесе сыйақыны есептен шығару – бұл клиенттің несиені өтеу үшін табысының жоқтығы туралы сенімді растамасы болған жағдайларда ғана қаржы ұйымдары қолданатын төтенше шаралар. Бұл шешімді кәсіби қатысушылар дербес, қаржы реттеушінің араласуынсыз, жеке тәртіппен қабылдайды. Сонымен қатар, қарыз алушының қалыптасқан тұрмыстық жағдайы мен қаржылық жағдайы ескеріледі.

Тараптардың ешқайсысы келіспеген кезде, олар қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуі тиіс. Сонымен қатар, қарыз алушы реттеушіге оның қаржы ұйымына жүгінгенін және өзара қолайлы шешімге қол жеткізбегенін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Сондай-ақ, клиенттер ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді шешу үшін банк омбудсманымен байланыса алады.

Естеріңізге сала кетейік, 30 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеке тұлғалардың банкроттығы туралы Заңға қол қойды, онда қарыздарды есептен шығару рәсімдерінің үш түрі қарастырылған. LS редакциясы өз кезегінде процедуралардың әрқайсысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін деректері бойынша банк жүйесі бойынша орташа есеппен елдегі бір қарыз алушыға үш несиеден келеді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.