Назарбаевтың өкілеттігi туралы конституциялық заң өз күшін жояды – Қошанов

27 апреля 2022 года

Қазақстанда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасының заңнамалық артықшылықтарын жою жоспарлануда. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Мәжіліс аясында палата басшысы журналистердің Назарбаевтар отбасының мәртебесі мен артықшылықтары туралы сұрақтарына жауап берді.

"Елбасының өкілеттігi туралы мәртебесі алынып тасталады. Конституцияда Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің негізін қалаушы ретіндегі рөлі қалады. Осы норма қабылданғаннан кейін "Тұңғыш президент туралы" Конституциялық заң да күшін жояды", - деді ол.

Тұңғыш президент туралы Конституциялық заңның 13 бабы бар. Олардың ішінде 3-бап президентке, оның мүлкіне және отбасы мүшелеріне қатысты.

"Тиіспеушілік Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондай-ақ, олар пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, жазысқан хаттарына, оларға тиесілі құжаттарға қолданылады. Тиіспеушілік Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің – Елбасының қорына және ол құратын өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де қолданылады".

Бұған дейін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің туыстарына мемлекеттік органдарда қызмет атқаруға тыйым салатын заңнамалық түзетулерді ұсынған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.