Қазақстандықтардың миллиардтаған қарызы коллекторларға өтті

8 июня 2022 года

Коллекторлық агенттіктерге қазақстандықтардың 444 млрд теңгеге проблемалық несиелерi берілді, деп хабарлайды LS.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінде LS-тің ресми сауалына жауап ретінде сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеуге берілген берешектің 97%-ы (2022 жылғы 1 сәуірге) мерзімі өткен күндердің саны 90 күннен асатынын атап өтті.

"Осы жылдың басында коллекторлық агенттіктерге 402 млрд теңгеге 811 мың шарт бойынша берешек берілді. Бір жыл ішінде ол 2,1%-ға азайды (2021 жылғы 1 қаңтарға-795 мың шарт бойынша 410,7 млрд теңге). 2022 жылғы 1 сәуірдегі деректер бойынша осы ұйымдарға 444 млрд теңгеге 915 мың шарт өткен", – деп хабарлады агенттікте.

Берешектің жалпы көлемінің шамамен 89%-ын немесе 395 млрд теңгені банктер алдындағы міндеттемелер, 5%- ын немесе 24 млрд теңгені-микроқаржы ұйымдары алдындағы, 6%-ын немесе 25 млрд теңгені өзге ұйымдар алдындағы міндеттемелер құрайды.

Агенттікте 2021 жылғы 1 қазаннан бастап банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтардың несиелер бойынша мерзімі өткен берешегін реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілгенін еске салды.

"Қаржы ұйымдары қарыз алушыны мерзімі өткен  20 күннен бастап кешіктірмей хабардар етуге міндетті. Бұдан әрі жеке тұлға 30 күнтізбелік күн ішінде берешекті қайта құрылымдауға қатысты кредиторға жүгінуге және 15 күн ішінде жауап алуға құқылы", – деп түйіндеді қаржы нарығын реттеу агенттігінде.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.