Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі судың көлеңкелі нарығы вегетациялық кезеңде шамамен 5 млрд теңгеге бағаланады. Бұл туралы экология экс-министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды LS.
Сүлейменова басқаруында болған министрліктің жұмысын қорытындылау аясында, ол маусым айында президентке бұл мәселені жою қажеттігі туралы айтқанын атап өтті.
Оның ішінде: су ұрлау, нақты пайдаланылған суармалы жерлер туралы сенімді деректердің болмауы, сорғыларды арналар мен су объектілеріне заңсыз қосу, қажетті инфрақұрылым жасалмай, суармалы жерлерді заңсыз ауыстыру фактілері анықталды.
"Есептеулер бойынша бүгінгі таңда шамамен Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі судың көлеңкелі нарығы вегетациялық кезеңде шамамен 5 млрд теңгеге бағаланады. Біз мұндай фактілерді тіркеуді алып тастау және гидротехникалық карталарды жаңарту, сондай-ақ, жаңа заңнамалық түзетулер шеңберінде бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде шаралар қабылдай бастадық. Министрлік басшылығы бұл жұмысты жалғастыратынына сенімдімін", - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, экс-министр Арал теңізінде су ағынының ұлғаюы туралы айтты: қаңтардан тамызға дейін Солтүстік Аралға 1,6 млрд текше метрден астам су түсті (өткен жыл ішінде – 800 млн текше метр), сондай-ақ, Жамбыл облысында егін шығынын азайту және т. б мәселелер турасында айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрлігінен су ресурстары және ирригация министрлігі бөлінген болатын. Экология министрлігін Ерлан Нысанбаев, су ресурстары министрлігін Нұржан Нұржігітов басқарды.