Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар iске қосылады

9 июня 2022 года

Қазақстан өңірлерінде жаңа тұрғын үй бағдарламалары пайда болады. Бұл туралы LS-ке индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде хабарлады.

Министрлiктiң ақпараты бойынша, көптеген өңірлерде "Алматы Жастары" сияқты жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бағдарламалар әзірленіп, іске қосылуда (қарыздың ең жоғары сомасы- 18 млн теңгеге дейін, бастапқы жарна- 10%, пайыздық мөлшерлеме- 5%).

Оның ішінде Ақтөбе облысында "Ақтөбе жастары", "Жастарға арналған қолжетімді баспана" жобаларын іске қосу жоспарлануда, оның аясында Отбасы банкі жас отбасылар мен мамандарға ипотека беру үшін 1,5 млрд теңге бюджеттік несие алады. Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 3,5-10% - ын құрайды, ең жоғарғы қарыз сомасы 8 млн теңгеге дейін, 6-9 жыл мерзімге берiледi.

Алматы облысында жұмыс істейтін жастар үшін 0% бастапқы жарнасымен  5% пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейінгі мерзімге ең жоғары қарыз сомасы 10 млн теңгеге дейін "Жетісу жастары" бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаны іске асыруға 1 млрд теңге бөлінді. Алматы облысының әкімдігі мен Отбасы банкі арасында келісім жасасу сатысында.

Нұр-Сұлтанда 2021-2025 жылдарға арналған "Елорда жастары" бағдарламасы іске қосылды, ол жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінен 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге және 3 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге жылдық 5% жеңілдікпен 18 млн теңгеге дейін қарыз беруге бағытталған.

Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында кредиттік тұрғын үй және кейіннен сатып алынатын баспана салуды көздейтін "Жас отау" (Атырау облысы) сияқты бағдарламаларды әзірлеу және іске қосу жоспарлануда.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде 2025 жылға қарай тұрғын үй жинақтау жүйесіне 800 мың жас адам тартылатынын атап өтті. Оның ішінде бүгінгі таңда 540 мыңнан астам адамның Отбасы банкiнде депозиттік шоттары бар.

Бұған дейін, Қазақстанда моноқалалар тұрғындары үшін жеңілдетілген ипотека туралы жаңа мәліметтер айтылған болатын. Нақтырақ айтсақ, қазақстандықтар жеңілдетілген ипотекамен бiрқатар қалаларға көше алады. Сондай-ақ, Қазақстанда ипотеканы субсидиялау жоспарланып отыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.