Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қайта қаралмақ . Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
Журналистердің зейнетақылар мен кейбір жәрдемақыларды индекстеу туралы сұрағына жауап бере отырып, министр олардың "шамамен 9%-ға" қайта қаралатынын атап өтті.
Үкіметтің болжамы бойынша 2022 жылы инфляция 8-10%-ды құрайды. Осы жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша ол 12%-ға жетті.
Бұған дейін, Қазақстанда баға өскен жағдайда зейнетақы мен жәрдемақыны көбею мүмкіндігі жоққа шығарыл маған еді. Жыл басында Қазақстанда орташа зейнетақы 105 мыңнан астам теңгені құрады.