Қазақстанда зейнетақы қорына қосымша жарналар салынады

19 сентября 2022 года

Қазақстандықтарға болашақта қосымша зейнетақы төлемдері берілетініне уәде берілді. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілердің БЖЗҚ-ға төлейтін жарналарының артуы туралы толық ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды LS.

Министрлiкте атап өткендей, әлеуметтік кодекс жобасында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті қарастырылған. Олардың бірі – 2023-2027 жылдар аралығында жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу. Бұл зейнеткерлік демалысқа шыққан азаматтарға жинақтаушы жүйеден қосымша зейнетақы төлемін төлеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, еңбек министрлігі әлемдік тәжірибеде зейнетақымен қамтамасыз етуде жұмыс берушіге барынша көңіл бөлгенін хабарлады. Мысалы, Малайзияда қызметкер табыстарының 23%-дан жұмыс берушілер зейнетақы қорына 12%-ын, қызметкер – 11%- ды енгізеді; Австралияда 9,5%-ды тек жұмыс беруші төлейді; Беларусияда – 29%, оның ішінде жұмыс беруші – 28%; Германияда – 18,6%, оның ішінде жұмыс беруші – 9,3%.

"Бұл жарнаны енгізу халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жауапкершілігін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жоғалған табысты барабар зейнетақы төлемдерімен алмастыруды қамтамасыз етуге ықпал етеді. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін ескере отырып, жобада бес жыл ішінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу көзделіп отыр", - деп атап өтті министрлікте.

Осылайша бұл шара 1975 жылдан кейін туылған, зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болатын қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. Олардың зейнетақысы үш құрамдауыштан құралады: мемлекеттен базалық, жинақтаушы зейнетақы қоры – өз аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілер жарналары есебінен.

Бұған дейін, LS редакциясы "Атамекен" ҰКП БЖЗҚ-ға қосымша 5% жарна енгізуге қарсы болғанын жазған болатын. Сарапшылардың айтуынша, бұл бейресми жұмыспен қамтылғандардың санын арттырып, қызметкерлердің жалақысын 5%-ға төмендетеді.

Сонымен бірге, қаржыгерлер қауымдастығы еңбек министрлігіне осы норманы енгізуге асықпауға кеңес берді. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы бизнеске теріс әсерді төмендету үшін бастапқы кезеңде жарналар мөлшерін 3%-дан асырмауды ұсынды. Кейін еңбек министрлігі жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізудің үш балама жолын жариялады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.