Қазақстанда тұрғындарды саусақ іздері бойынша міндетті сәйкестендіру уақытын шегермек

Қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты

7 октября 2022 года

Қазақстанда азаматтарды саусақ ізі арқылы міндетті тіркеуді енгізу бір жылға кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл туралы LS-ке ішкі істер министрлігінде (ІІМ) хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, саусақ ізін тіркеу бойынша нормаларды 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланған болатын. Алайда, бюджет қаражатының жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты осы бағыттағы заңдардың жекелеген нормаларын енгізу мерзімін 2024 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру мәселесі пысықталды. Құжат келісімде.

Сондай-ақ, ІІМ-де, "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес осы тетікті енгізуге 14,2 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, минситрліктің ақпараты бойынша Қазақстан азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық деректерін жинау, сақтау және пайдалану бірнеше мақсатта жоспарлануда:

- заңсыз қайта құжаттауды алып тастау;

- фотосурет бойынша тұлғаның анық емес сәйкестендірілуін болдырмау;

- жеке басын куәландыратын құжаттардың қорғалуын арттыру;

- ҚР азаматының құжаттарының ICAO талаптарына 100% сәйкестігін қамтамасыз ету*;

- жалған құжаттар бойынша және бұрын Қазақстаннан шығарылған шетелдіктердің мемлекеттік шекарадан өтуін болдырмау.

Қауіпсіздікке келетін болсақ, ІІМ міндетті саусақ ізін енгізу шарасы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетініне сендірді. Деректер мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының жабық контурында орналасатын болады

"Министрлік қызметкерлерінің ақпаратына қол жеткізу қызметтік міндеттеріне байланысты қатаң реттелген. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік техникалық қызмет мамандарының базасымен іс-қимыл мониторингі іске асырылатын болады. Барлық ақпарат ІІМ-нің қорғалған деректер базасында шифрланған электрондық түрде сақталатын болады", - деп түсіндірді министрлікте.

*Халықаралық азаматтық авиация ұйымы – қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында азаматтық авиация нормаларын белгілейтін және оны дамытуды үйлестіретін БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.