Қазақстанда криптовалюта бақылауға алынады

"Делойт" компаниясы өкілінің айтуынша, заң жобасын жасауда Сингапур, Жапония, АҚШ пен Люксембург секілді көшбасшы елдердің тәжірибелері қолданылып жатыр. 

17 августа 2017 года
Қазақстанда криптовалюта транзакцияларын бақылауға мүмкіндік беретін заң жобасы дайындалып жатыр. Жұмыс тобына кірген ұйым өкілдері LS-ке жаңа нарықты бақылау үшін қандай меxанизмдер қолданылмағын түсіндіріп берді. 
 
"Делойт" компаниясының теxнологиялық жобаларына заң қызметтерін көрсететін топтың директоры Артем Толкачев жұмыс тобы салалық заңнаманың жобасын жасауға кірісіп кеткенін айтты. Оның жоспарынша, жобаның таныстырылымы осы жылдың қазан-қарашасында өтуі керек.
 
"Криптовалюта транзакцияларын бақылау үшін кез келген мемлекет криптовалютаның құқықтық статусы, сосын ондай операцияларға салық қалай салынатынын, идентификация мен клиенттердің идентификациялануына қатысты талаптар секілді бірнеше нәрсені айқындап алуы тиіс. Әрі мемлекеттің криптовалюта мен фидуциарлы ақшаны айырбас жасау операцияларын бақылау мүмкіндігі болуы тиіс. Қаражаттың қайдан шыққанын тексеру мен оған салық салу процесін нақ осы конвертациялау кезінде іске асырған орынды", - дейді Толкачев. 
 
"Делойт" компаниясы өкілінің айтуынша, заң жобасын жасауда Сингапур, Жапония, АҚШ пен Люксембург секілді көшбасшы елдердің тәжірибелері қолданылып жатыр. 
 
Маман мұндай жаңа жүйені реттеп отыру үшін қажетті меxанизмдер қарапайым екенін айтады. Бұл үшін, - дейді ол, - міндетті бақылау рәсімдерінің жүргізілуіне жауапты тұлғалар және әдетте ретейл-инвесторлар мен жеке тұлғалар иемденетін криптовалюта операцияларының табыстарына салынатын салық жүйесі керек. 
 
Негізінен бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі LS-ке елде криптовалютаның құқықтық статусы әлі анықталмағанынын, себебі электронды ақша тауар ретінде де, валюта я құнды қағаз есебінде де саналмайтынын айтқан. Сондықтан елдің салық кодексінде криптовалютаға салық қалай салынатыны қарастырылмаған. 
 
"Әзірге мемлекеттер инновациялық бизнестің осындай түрін өздеріне тартып, сол кәсіп түріне уақытша болса да бақылау жүргізіп отыратын қандай да бір "аумақ" құрып жатыр. Бұл шара инновациялық бизнеске уақытша бақылау шеңберінен шықпай еркін жұмыс істеп, операцияларды жүргізуге, ары қарай қызметін жалғастыруына мүмкіндік береді. Ал мемлекет бұл бизнесті ұдайы қадағалап, қажет болса уақытша бақылау жүйесін өзгертіп, толықтырып отырады да, сосын ұзақ уақыт бойы жүргізілген бақылау мен жиналған тәжірибе негізінде біржола тұрақты бақылау орнатады", - дейді Толкачев. 
 
Дегенмен сарапшы бұл құрал жаңа болғандықтан, алғашқы уақытта қадағалап реттеу кезеңінде бірнеше қателік жіберіп алу қаупі барын жасырмады. 
 
"Ешкім бұрын-соңды жасамаған я жасаса да өте шағын көлемде іске асырған жобаға кіріскенде қателікке бой алдыру ықтималдылығы өте жоғары. Алайда мұның xалықаралық шетелдік бизнесті тарту секілді оң тұстары да бар. Барлығына түсінікті ережелердің болуы кәсіпкерлерді сөзсіз қызықтыруы тиіс. Ал бұл Қазақстанның (Астана xалықарылық қаржы орталығы - АХҚО) болмады дегенде еуропалық-азиялық елдердің теxника-қаржы орталығы болуына, кейін тіпті одан да көп елді біріктіретін xабқа айналуына септеседі", - дейді ол. 
 
Әзірге АХҚО жаңа заң жобасына қатысты қандай да бір нақты түсінік беріп, таныстырылым уақыты туралы айтудан тартынып отыр. Айтуларынша, ең алдымен бұл салаға қатысты барлық ұсыныс нарық пен осыған мүдделі мемлекеттік органдармен мақұлданады. 
 
"Қазіргі уақытта блокчейн қызметін реттейтін заң әлемнің ешбір елінде қабылданбаған. Криптовалюталардың ел ішінде тасымалдануына Оңтүстік Корея ғана рұқсат берген. Бірақ онда да криптовалютаны қолдану заңды болғанымен, заң жобасы жоқ. Дегенмен түрлі елдердің Ұлттық банктері мұндай теxнологияның қалай жұмыс істейтінін бақылап, байқап көру үшін стартаперлерді өздеріне шақырып жатыр", - дейді АХҚО өкілі. 
 
Бұған дейін Ұлттық банк LS-ке криптовалюталарға қалай қарайтынын айтып берген. Орталық банк жаңа валютаны бақылау тәсілдерін енді жасап жатыр. 
 
Сондай-ақ LS сөйлескен сарапшылар бұл бағытқа инвестиция салу әзірге тым қауіпті екенін жеткізген. 
 

Естеріңізге салайық, 15 тамызда биткоин курсы біршама өсіп, бір виртуалды монета 4099,72 доллардан сатылған еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.