Қазақстанда ең төменгі жалақы өседі

1 сентября 2022 года

Қазақстанда ең төменгі жалақы 10 мың теңгеге өседі, деп хабарлайды LS.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік бермек.

"Ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 млн азаматтың табысына тікелей әсер етеді", - деді ол Қазақстан халқына жолдауында.

Мемлекет басшысы зейнетақы жүйесін айтарлықтай қайта жандандыру қажет екенін атап өтті.

"Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120%-ға дейін жеткізу керек. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді", - деп тапсырды ол.

Сонымен қатар президент, әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейі 2028 жылға дейін 61 жыл деңгейінде белгіленетiнiн қосты.

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет", - деп түйіндеді президент.

Бұған дейін, Қазақстанда АЕК және ең төменгі зейнетақы мөлшерін ұлғаятыны хабарланған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2022 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша бір адамға орташа айлық жалақы 312 011 теңгені құрады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.