Қазақстанда 4,5 трлн теңгенің жаңа агрожобалары пайда болады

Олар 2021-2025 жылдары іске асырылатын болады

20 апреля 2021 года

Қазақстанда 4,5 трлн теңгеден астам сомаға 845 агроөнеркәсіптік жобалар іске асырылмақ. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. 1 млн тұрғынның табысын тұрақты арттыру мақсатында 70 мың отбасылық шаруашылық құруға уәде беріліп отыр.

Бұдан басқа, АШМ болжамдары бойынша ауыл шаруашылығында 500 мыңға дейін адам жұмыспен қамтылатын болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үшін жеті экожүйе құрылып, оған 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтары тартылатын болады.

Министрдiң айтуынша, бұл мақсаттарға АӨК-тегі жаңа жобаларды іске асыру есебінен қол жеткізілмек. Салаға 4,5 трлн теңгеден астам қаржы тартылып, ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде бес жыл ішінде еңбек өнімділігі 2,5 есе артады.

"Бес жыл ішінде 4,5 трлн теңгенің 845 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Олар өңірлердің әкімдіктерімен және инвесторлармен пысықталды. Тиісті жол карталарына қол қойылды", – деп түсіндірді ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ, ол ауылдарды дамыту үшін тағы қандай шаралар қолданылатынын атап өтті. Алдағы бес жылда "Еңбек" бағдарламасы бойынша 250 млрд теңгеге 50 мың шағын несие, ал етті мал шаруашылығында "Сыбаға" бағдарламасы аясында 175 млрд теңге беру жоспарланып отыр. Ал "Алтын асық" бағдарламасымен 11 мыңнан астам шаруашылыққа 117,2 млрд теңге сомасында несие беру жоспарда бар.

"Кең Дала" бағдарламасы бойынша жыл сайын көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінеді", - деп толықтырды Омаров.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.