Астықтың көлеңкелi нарығы Қазақстанды миллиондаған шығынға ұшыратты

3 апреля 2023 года

Қазақстандық бюджет астық контрабандасынан 915 млн теңге жоғалтты. Мұндай деректерді LS-ке мемлекеттік кірістер комитетінде (МКК) хабарлады.

Мемлекеттік органның мәліметінше, кедендік бақылаудың күшін жою және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлардың еркін қозғалыс режимі көлеңкелі тауар айналымын ұлғайтты. 2019 жылдан бастап шекарадағы мониторинг арқылы салық төлеуден жалтарудың әртүрлі сценарийлері, соның ішінде Ресейден астық әкелу кезінде анықталды.

 Мысалы, сұр схемалардың бірі – жалған алушыларға жеткізу.

"2019-2022 жылдар кезеңінде Ресейден Қазақстанның солтүстік өңірлері арқылы әкелінген 198,5 мың тоннадан 915 млн теңгеге қосылған құн салығы (ҚҚС) төленбеген", - деді МКК-і LS-ке берген ақпаратында.

Бұған дейін, ауыл шаруашылығы министрлігі сұр импорт деп аталатын көлем жылына 1,5-2 млн тоннаға жететінін хабарлаған болатын. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын жыл сайын 500 млн доллар мөлшерінде бағаланады.

Сондай-ақ, МКК қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінен импорттау кезінде осы өнімге қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін және астық қозғалысының нақты көлемін қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану мәселесі пысықталуда.

"Осы нарыққа адал қатысушыларды ынталандыру мақсатында салықтық тексеру жүргізбестен ҚҚС-ты оңайлатылған қайтару бойынша пилоттық жоба жүргізілуде", - делінген мемлекеттік органның жауабында.

Комитет 2023 жылдың ақпан айынан бастап ЕАЭО елдерінің аумағынан астық импорты кезінде "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) міндетті ресімдеу енгізілгенін еске салды. Олардың деректері бойынша, бұл шара бөгде адамдарға, жалған жүк алушылар мен жөнелтушілерге, банкроттарға, таратылған адамдарға құжаттарды ресімдеу мүмкіндігін болдырмайды.

Айта кетейік, Павлодар облысына ресейлік бидайды заңсыз әкелінбек болған. 2022 жылы шаруа қожалықтарының электрондық шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактілері бойынша мәмілелерді жалған деп тану бойынша 44,5 млрд теңге сомасына 45 талап-арыз жолданған. Сот барлық талаптарды қанағаттандырды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бидайды автокөлікпен әкелуге алты айға тыйым салынбақ. Тиісті жоба қоғамдық талқылауда. Бұл шешім соңғы бірнеше жылда бидайдың заңсыз әкелінуінен зардап шеккен жергілікті астық пен ұн нарығындағы қазіргі жағдайға байланысты қабылданды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.