Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік даулы мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Экология және табиғи ресурстар министрлігі LS-ке егжей-тегжейлі мәлімет берді.
Астанадағы әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Атырау облысы экология департаментінің қаулысын рәсімдік қателіктерге байланысты жарамсыз деп таныды.
Министрліктің түсіндіруінше, бұл шешім "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." (NCOC) компаниясын экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Департамент әкімшілік рәсімдерді соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып қайта аяқтауы қажет.
Экология министрлігінің мәліметінше, өңірлік мемлекеттік орган барлық рәсімдік қателіктерді түзеткен. Одан кейін Атырау облысының ведомствосы шешімге кассациялық тәртіппен шағымданған.
ҚоАП нормалары бойынша NCOC компаниясына артық мөлшерде күкірт орналастырғаны үшін 2,3 трлн теңге көлемінде айыппұл салынған.
"Әкімшілік айыппұл туралы қаулы қазір Экологияны реттеу және бақылау комитетінде қаралып жатыр, түскен шағымдар да қаралу үстінде", – деп хабарлады Экология министрлігінде.
Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанға консорциумдардан түскен қаржы мөлшері туралы хабарлаған еді.










